Super clean air hepa 12 сүзгісі, Жууға болатын ultra clean air hepa 13 сүзгісі – Philips FC9071 User Manual

Page 54

Advertising
background image

Супер Таза Ауа фильтірін әр алты ай сайын алмастырып отырыңыз. Бұл фильтірді жууға

болмайды.

1

Сүзгі торын ашыңыз (Cурет 34).

2

Ескі сүзгіні алып тастаңыз (Cурет 35).

3

Жаңа сүзгіні құрылғыға орнатыңыз.

4

Сүзгі торын жабыңыз («сырт» ете түседі) (Cурет 36).

super Clean air hEPa 12 /ultra Clean air hEPa 13 сүзгілері

Бұл құрылғы Super Clean Air HEPA 12 немесе Ultra Clean Air HEPA 13 сүзгісімен жабдықталған.

Бұл сүзгілер құрылғының артында орналасқан. Олар барлық қоқыстардың 99,5% және 99,95%,

тіпті мөлшері 0,0003 мм қоқыстарды сыртқа шығып жатқан ауадан ұстап қалады. Бұл сүзгілер

тек үй қоқыстарын ғана ұстап қалмайды, ол сонымен қатар тыныс жолдары аллергиясына

себеп болатын шаң кенелері немесе олардың экскременттері тәріздес зиянды микроскопты

зиянкестерді де ұстап қалады.
Ескертпе: Шаңсорғышыңыз тиімді түрде шаң жинап, жоғарғы сапалы қызмет көрсетуіне

кепілдік алу үшін, HEPA сүзгісін тек түпнұсқа Philips сүзгісінің тиісті түрімен ғана алмастырыңыз

(«Қосымша құралдарға тапсырыс беру» тарауын қараңыз).

super Clean air hEPa 12 сүзгісі

Super Clean Air HEPA 12 сүзгісін әр бір алты ай сайын ауыстырып тұрыңыз. Бұл сүзгіні жууға

болмайды.

1

Сүзгі торын ашыңыз (Cурет 34).

2

Ескі сүзгіні алып тастаңыз (Cурет 35).

3

Жаңа сүзгіні құрылғыға орнатыңыз.

4

Сүзгі торын жауып, төменгі бұрыштарын сырт етіп түскенше итеріңіз (Cурет 36).

Жууға болатын ultra Clean air hEPa 13 сүзгісі

Жууға болатын Ultra Clean Air HEPA 13 сүзгісін әр 6 ай сайын тазалап отырыңыз. Жууға

болатын Ultra Clean Air HEPA 13 сүзгісін ең көп дегенде 4 рет тазалауға болады. Сүзгіні 4 рет

тазалағаннан соң, оны ауыстырыңыз.

1

Сүзгі торын ашыңыз (Cурет 34).

2

Жууға болатын HEPA 13 сүзгісін алыңыз (Cурет 35).

3

HEPA 13 сүзгісінің бүктелмелі жағын баяу ағып тұрған ыстық ағын су астында шайыңыз.

- Сүзгінің бүктелген жағын жоғары қаратып ұстап, суды бүктемесіне параллельді етіп

ағызыңыз. Сүзгіні ішіндегі жиналып қалған кір сумен ағып кететін бұрышта

ұстаңыз (Cурет 37).

- Сүзгіні 180° бұрап, суды керісінше ағызып жіберіңіз (Cурет 38).

- Сүзгі толық тазаланғанша, осы әрекетті қайталай беріңіз.

Жуылатын сүзгіні щеткамен тазалауға болмайды (Cурет 39).
Ескертпе: Тазалау сүзгінің бастапқы түсін қалпына келтірмейді, бірақ сүзу қуатын қалпына

келтіреді.

4

Абайлап сүзгі бетіндегі суды сілкіп жіберіңіз. Сүзгіні кем дегенде 2 сағат бойы кептіріңіз,

содан соң оны қайтадан шаңсорғышқа орнатыңыз.

5

Сүзгіні қайтадан құрылғыға салыңыз. Сүзгі торын жауып, төменгі бұрыштарын сырт етіп

орнына түскенше итеріңіз (Cурет 36).

ҚазаҚша

54

Advertising
This manual is related to the following products: