Фильтірді алмастыру, Мотор қорғауыш сүзгісі, Микро сүзгі (тек ерекше түрлерінде ғана) – Philips FC6841 User Manual

Page 75

Advertising
background image

3

Толып кеткен шаң дорбасын тастап, жаңа шаң дорба салыңыз («қолдануға дайындық»

тармағын қараңыз).

Ескертпе: Моторды қорғауға арналған сүзгі мен микро сүзгі әрбір түпнұсқалы Philips Athena шаң

дорбалар жинағымен бірге беріледі.

Қайта қолданылатын шаң дорбасын босату (тек кей елдерде ғана).

Кейбір елдерде қайта қолдануға болатын шаң дорбалары беріледі. Қайта қолдануға болатын

шаң дорбаларын қағаз шаң дорбаларының орнына пайдалана аласыз. Қайта қолдануға болатын

шаң дорбаларын бірнеше рет пайдалануға және босатуға болады.

1

Қайта қолдануға болатын шаң дорбасын, қағаз шаң дорбасы үшін суреттелген нұсқау

бойынша алуға болады.

2

Қайта қолдануға болатын шаң дорбасын қоқысқа арналған шелек үстінен ұстап

тұрыңыз (Cурет 54).

3

Шаң дорбасының екі жағындағы сырғымасын сырғытыңыз (Cурет 55).

4

Шаң дорбасының ішіндегіні қоқыс шелегіне босатыңыз (Cурет 56).

5

Шаң жинағыш дорбаны жабу үшін, оның бекіту қыстырғышын дорбаның төменгі

жиегіне сырғытыңыз. (Cурет 57)

6

Қайта қолдануға болатын шаң дорбасын қайтадан құралға салыңыз. «Қолдануға

дайындық» тармағындағы қағаз шаң дорбасын салу нұсқауын қолданыңыз.

Фильтірді алмастыру

Тек бұл құралға арналған Philips компаниясының түпнұсқалы сүзгілерін пайдаланыңыз. Басқа

сүзгілерді пайдалануға болмайды.

Түр нөміріне байланысты «Керек-жарақтар мен сүзгіге тапсырыс беру» тарауын қараңыз.

Мотор қорғауыш сүзгісі

Моторды қорғауға арналған сүзгіні жаңа шаң дорбалар жинағының алғашқы шаң дорбасын

салар кезінде алмастырыңыз.
Ескертпе: Қағаз шаң дорбасының орнына қайта қолдануға болатын шаң дорбасын пайдаланып

отырсаңыз, моторды қорғауға арналған сүзгіні жылына бір рет тазалап тұрыңыз («Моторды

қорғауға арналған сүзгі» бөліміндегі «Тазалау» тарауын қараңыз).

1

Моторды қорғауға арналған сүзгіні алып тастаңыз (Cурет 51).

2

Жаңа моторды қорғауға арналған сүзгіні орнатыңыз.

Бұл құралды моторды қорғауға арналған сүзгісіз қолдануға болмайды.

Микро сүзгі (тек ерекше түрлерінде ғана)

Құрғақ заттарды сорып жинағанда, электростатикалық микро сүзгі қолданылған ауаны майда

шаң бөлшектерін алып тастау арқылы тазалайды. Қолданған сайын, сүзгінің тиімділігі азаяды.

- Әдетте микро сүзгіні жаңа шаң дорбалар жинағының алғашқы шаң дорбасын салар кезінде

ауыстырғаныңыз жөн.

- Микро сүзгі ұстағышының көрсеткіші ақ болып тұруы тиіс. Сүзгі көзге көрінетіндей болып

сұр түске айналса, сүзгіні ауыстыруыңыз қажет (Cурет 58).

Тыныс алу ауыруларынан зардап шегетін болсаңыз, (мысалы, астма), немесе аллергияңыз болса

(мысалы, шаңға, тозаңға, және т.б.), онда сүзгіні жиірек ауыстырғаныңыз жөн.

1

Микро сүзгі ұстағышын жоғары қарай тартыңыз (Cурет 23).

2

Микро сүзгіні ұстағыштан суырып алыңыз (Cурет 59).

ҚазаҚша

75

Advertising
This manual is related to the following products: