Құралды қолдану, Кофе қайнату – Philips HD7690 User Manual

Page 37

Advertising
background image

Құралды қолдану

кофе қайнату

Осы кофе демдегіште Хош иіс бақылауы орнатылған, оның көмегімен сіз өзіңіздің

талғамыңызға қарай кофенің қоюлығын сәйкестендіре аласыз. Сонымен қатар, Хош иіс

бақылауы сізге алдын ала ұнтақталған кофе мен су арасындағы теңдестікті анықтауға да көмек

береді.
Есте сақтаңыз: Сіз Хош иіс бақылауын қолданған кезде, міндетті түрде су ыдысына алдымен су

құйып, содан соң ғана фильтірге кофе салыңыз.

1

Тоқ сымы қабырғадағы розеткаға қосулы болуы тиіс.

2

Шыны банкісі немесе термос банкісі (қақпағы «жабық/демдеп жатыр» r ұстанымында

болуы тиіс) фильтір ұстағышының астында екендігін тексеріңіз.

3

Өзіңіз қалаған кофе қоюлығын Хош иіс бақылауы түмесі арқылы орнатыңыз. (Cурет 12)

Кофенің қоюлығын арттыру үшін, түймені оңға бұраңыз. Кофенің қоюлығын азайту

үшін, түймені солға қарай бұраңыз.
Есте сақтаңыз:Сіз кофе қоюлығын орнатып жатқанда, фильтір ұстағышы құралда болуы тиіс.

4

Су ыдысын алып, оған қунақы, суық ағын су құйыңыз (Cурет 6).

Деңгей көрсеткіштеріндегі шыны аяқ 120мл-ге тең.

5

Су ыдысын құралға дұрыстап қойыңыз (Cурет 7).

Хош иіс бақылау көрсеткіші алға қарай жылжыйды.

6

Қағаз фильтірін алыңыз (1x4 немесе no. 4 түрі), сөйтіп, желімделген жиектерін ораңыз,

сонда оны жыртылудан және ыдыраудан қорғайсыз.

Есте сақтаңыз: Егер сіз Хош иіс бақылауын алдын ала ұнтақталған кофе мен су арасындағы

теңдестікті анықтауға қолданғыңыз келсе, онда тұрақты фильтір қолдануға болмайды.

Тұрақты фильтірдің салмағы Хош иіс бақылауындағы кофе және су теңдестігін бұзып жібереді.

7

Фильтір ұстағышын ашып, қағаз фильтірін фильтір ұстағышқа салыңыз (Cурет 13).

8

Алдын ала ұнтақталған кофені (фильтір-майда ұнтақталған) фильтірге Хош иіс бақылауы

OK ұстанымына келгенше салыңыз, содан соң, фильтір ұстағышының қақпағын

жабыңыз (Cурет 14).

9

Құралды қосу үшін оның қосу/өшіру түймесін басыңыз.

Қуатқа қосылды деген қызыл жарық жанады.

10

Барлық су фильтір арқылы өтіп болғанда құманды құралдан алып тастауыңызға болады.

Егер сіз банкіні фильтірден барлық су ағып бітпей тұрып 30 секундтан көбірек уақытқа алған

болсаңыз, фильтір тасып кетуі мүмкін.

HD7692 түрі: Демдеп болғаннан соң құрал автоматты түрде сөнеді. Термос банкісі

кофені ыстық етіп сақтайды.

HD7690/HD7686 түрлері: Құралды қосулы қалдырсаңыз, ыстық табақшадағы кофе ыстық

болып сақталады.

11

HD7690/7HD7686 түрлері: Құралды қолданып болғаннан соң, қосу/өшіру түймесі арқылы

құралды сөндіріп қойыңыз.

Құрал екі сағаттан соң автоматты түрде сөнеді.

12

Фильтір ұстағышын алыңыз (Cурет 15).

13

Қағаз фильтірін тастаңыз. (Cурет 16)

,

,

,

,

ҚазаҚша

37

Advertising