Қазақ – MAXWELL MW-1917 BK User Manual

Page 22

Advertising
background image

22

ҚазаҚ

ҚҰРЫЛҒЫ ТЕК ТҰРМЫСТА ПАЙДАЛАНУҒА ҒАНА АРНАЛҒАН

Индукциялық пешті орналастыру

• Құрылғыны электр пешінің салмағы мен пісіріліп жатқан тағамдардың салмағын көтере

алатын, түзу, тұрақты, ыстыққа төзімді бетке орналастырыңыз, желілік ашалыққа еркін

жетуге болатынын қадағалаңыз.

• Құрылғыны тандырлардың, тоңазытқыштардың, микротолқынды пештердің, ыдыс жуатын

және кір жуатын машиналардың және басқа металл беттері бар құрылғылардың қасында

орнатуға тыйым салынады, себебі бұл құрылғының жұмысына кері әсерін тигізуі мүмкін.

• Құрылғыны ылғалдылығы жоғары жерлерде, сонымен қатар тез тұтанатын заттардың

және сұйықтықтардың қасында пайдаланбаңыз.

• Құрылғы дұрыс қызмет етуі үшін жақсы желдетіс қажет, электрпешінің жан-жағынан 10-15

см-ден кем емес бос кеңістікті қамтамасыз етіңіз.

• Желілік баудың бұзулылары жоқ екеніне және ол кез-келген ыстық немесе үшкір беттермен

өтпейтініне көз жеткізіңіз.

• Құрылғыны асханалық шкафтар мен сөрелердің тікелей қасында орналастырмаңыз.

• Егер құрылғы толық салықндамаса, және егер оның үстінде ыдыс орналасса, оны

тасымалдамаңыз.

Тамақты пісіруге жарамды және жарамсыз ыдыс

Шойыннан, болаттан (эмальданған болаттан) жасалған ыдысты, ферромагнитті түбі бар

ыдысты немесе индукциялық пештерге арналған ыдысты пайдаланыңыз. Алюминийден,

мыстан, ыстыққа төзімді шыныдан және басқа магниттелмейтін материалдардан жасалған

ыдыс индукциялық пеште дайындауға жарамайды. Төменде көрсетілген суреттен жарамды

және жарамсыз ыдыстармен анағұрлым жақынырақ танысуға болады:

Құрылғыны пайдалану

Іске қосу алдында электр желісіндегі кернеу құрылғы корпусында көрсетілген кернеуге сәйкес

келетініне көз жеткізіңіз.

MW-1917.indd 22

23.05.2012 12:54:07

Advertising