Қазақ – GENIUS MaxFire Grandias 12V User Manual

Page 22

Advertising
background image

ҚАЗАҚ

Бағдарламалық жасақтаманы орнату (тек MaxFire Grandias 12V үшін)
- Grandias 12V пернетақтасын орнатпас бұрын əуелі бағдарламалық жасақтаманы орнатыңыз.
- Егер драйверді орнатқыңыз келмесе, Grandias 12V пернетақтасында діріл жетесі жұмыс істемейтін болады.
1. Grandias

12V

драйвері жазылған ықшам дискіні дискі ұясына салыңыз; компьютер дискіні жүктегенше бірнеше

секунд күтіңіз.

2. Егер компьютердегі жүйе жаңа ықшам дискіні өздігінен оқитын етіп орнатылған болса, өздігінен жегу

бағдарламасы іске асырылады да, орнатуды бастау бейнебеті пайда болады. Бейнебеттегі нұсқауларға сүйеніңіз.

3. Егер сіздің компьютерлік жүйеңіз орнатудың бағдарламалық жасақтамасын өздігінен іске қоспайтын болса, ықшам

дискі каталогындағы файлды табыңыз да, оның үстінен шертіңіз, содан соң Grandias12V бағдарламалық
жасақтамасын орнату үшін бейнебеттегі нұсқауларды орындаңыз.

4. Бағдарламалық жасақтаманы орнатып болғаннан кейін компьютердің жұмысын қайта бастаңыз.
Техникалық жабдықты орнату

1.

Grandias ойын пернетақтасын компьютердегі USB портына немесе USB хабына орнатыңыз.

2.

Жалғағаннан кейін “Find a new hardware” (Жаңа жабдық табылды) хабары пайда болады да, стандартты USB
драйвері табылып, оңай орнату аяқталады жəне сіз дереу ойын ойнай бастауға мүмкіндік аласыз.

3.

Егер ойын пернетақтасы компьютерге дұрыс жалғанып, бірақ ойын ойнағанда жұмыс істемесе, Game Controllers
(Ойын контроллерлері) бетін ашыңыз да, “Advanced” (Қосымша) бетін таңдап, USB, 2 осьті 8 батырмалы ойын
пернетақтасының жалпылауышы “Joystick 1” екенін тексеріңіз. Ескерім: Компьютеріңізге бір ғана ойын
контроллері жалғанған болса, осы ойын пернетақтасы “Joystick 1” болуға тиіс, сонда ол дұрыс жұмыс істейді.

Турбо жетелері:

1.

Turbo жетелерін орнату/жою: TURBO батырмасын басыңыз да, ұстап тұрыңыз, содан соң turbo жетесін кез келген
əмір батырмасына орнату үшін оны басыңыз. Turbo жетесін ажырату үшін сол əрекеттерді тағы қайталаңыз.

2.

Turbo жылдамдығын орнату: TURBO батырмасын үздіксіз басыңыз, содан соң START батырмасын бір рет
басыңыз. Turbo жылдамдығы START батырмасы əр кез басылған сайын 2->4->8->16->2 Гц айналымды түрде
бапталады.

Macro жетелері (тек MaxFire Grandias 12V үшін)

1.

MACRO жетелерін орнату: Macro жетесін тек 5~8 (L1/R1/L2/R2) батырмалар үшін ғана бағдарламалауға болады.
MACRO пернесін басыңыз, сонда жасыл түсті жарық диоды macro жетесін іске қосу үшін баяу жыпылықтайды.
Əмір батырмаларының (1~4, 11, 12 батырмалары) кез келгенін немесе меңзерлі пернелерді бірінен соң бірін
басыңыз. Орнату кезінде жасыл түсті жарық диоды жылдамырақ жыпылықтайды. Macro пернесінде ең көп дегенде
15 əрекетті бағдарламалауға болады. Содан соң орнатуды аяқтау үшін MACRO батырмасын қайтадан басыңыз.
Егер тіпті Grandias 12 V компьютерден ажыратылып тасталса да, macro жетелері бағдарламаланған macro
батырмаларда қала береді.

2.

Macro жетелерін жою: Macro батырмасын басыңыз да, ұстап тұрыңыз, содан соң TURBO батырмасынан macro
жетесін жойып тастау үшін осы батырманы екі рет басыңыз.

3.

Macro жылдамдығын орнату: MACRO батырмасын үздіксіз басыңыз, содан соң START батырмасын бір рет
басыңыз. Macro жылдамдығы START батырмасы əр кез басылған сайын 2->4->8->16->2 Гц айналымды түрде
бапталады.

4.

КҮЙ: Аналогтық күй мен сандық күй арасын кезек ауыстыру үшін MODE (күй) батырмасын басыңыз. Аналогтық
күйде қызыл түсті жарық диоды жанады

Назар аударатын маңызды жайттар
1. Бағдарламалық жасақтаманың Ойын контроллеріне/Тəртеге қолдау көрсетініне көз жеткізіңіз.
2. Кез келген ойын барлық жетелік батырмаларды қажет ете бермейді. Егер кейбір батырмалардың ойында жұмыс

істемейтінін байқасаңыз, ойын параметрлерін тағы бір рет тексеріңіз.

3. Ойын пернетақтасының жетесі əр ойында əр түрлі болуы мүмкін. Ойындағы OPTION (нұсқалар) мəзірінен ойын

параметрлерін таңдамас бұрын, ең жақсы ойын параметрлерін орнату үшін əуелі ойын туралы нұсқаулықты
жақсылап оқып шығыңыз.

MaxFire Grandias 12V

MaxFire Grandias










Buttons 1~4

8- жолдық D-Pad

MODE/LED

Аналогтық мини стек

5~8 батырмалар

TURBO/SELECT/START/MACRO

Buttons 1~4

8- жолдық D-Pad

TURBO

5~8 батырмалар

Advertising