Әркүндік қолдану, Пештің ішін тазалау, Жаңа тағамды мұздату – Electrolux EUX2243AOX User Manual

Page 66: Мұздатылған тағамды сақтайтын камера, Жібіту, Мұз текшелерін жасау, Суық аккумуляторы

Advertising
background image

ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

ПЕШТІҢ ІШІН ТАЗАЛАУ

Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын, іші

мен барлық ішкі керек-жарақтарын, аздап

бейтарап сабын қосылған жылы сумен жуып,

ондағы әдетте жаңа затқа тән келетін иісті

кетіріңіз, содан кейін мұқият құрғатыңыз.

Жуғыш заттарды немесе жеміргіш

ұнтақтарды қолданбаңыз, себебі

бұндай заттар құрылғының

қаптамасын бүлдіреді.

Егер бейнебетте DEMO көрсетілсе, құрылғы

демо-режимде тұрады: "КЕЛЕСІ ЖАҒДАЙДА

НЕ ІСТЕУ КЕРЕК..." тарауын қараңыз.

ЖАҢА ТАҒАМДЫ МҰЗДАТУ

Мұздатқыш камера жаңа тағамды мұздату

мен тоңазыған және мұздатылған тағамдарды

ұзақ уақыт сақтауға жарайды.

Жаңа тағамды мұздату үшін Fast Freeze

функциясын, мұздатылатын тағамды

мұздатқыш камераға қоярдың алдында, кем

дегенде 24 сағат бұрын қосыңыз.

Мұздатылуға тиіс жаңа тағамды үстіңгі екі

камераға қойыңыз.

24 сағат ішінде мұздатуға болатын тағамның

ең көп мөлшері құрылғының ішіндегі

техникалық ақпарат тақтайшасында

көрсетілген.

Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады: осы

уақыт аралығында тоңазытқыңыз келген

басқа тағамды қосып салмаңыз.

24 сағаттан кейін мұздату үрдісі аяқталғаннан

кейін қажетті температураға ("Температураны

реттеу" тармағын қараңыз) қайта оралыңыз.

МҰЗДАТЫЛҒАН ТАҒАМДЫ

САҚТАЙТЫН КАМЕРА

Құрылғыны ең алғаш қолданғанда не ұзақ

уақыт пайдаланбағаннан кейін қосқан кезде,

камераға тамақ салмас бұрын құрылғыны ең

кем дегенде 2 сағат ең жоғарғы

параметрлерге қойып жұмыс істетіп алыңыз.

Кездейсоқ еріп кету, мысалы электр

қуаты өшіп, ток техникалық

сипаттамалар кестесіндедегі "көтеру

уақыты" бөлімінде берілген

мәндерден де ұзақ уақыт бойы

қосылмай тұрса, еріп кеткен тағамды

жылдам пайдаланып не дереу пісіріп

алып барып қайта тоңазыту

(салқындатқан соң) қажет.

ЖІБІТУ

Мұздатылған не тоңазытылған тағамды

қажетке жаратпас бұрын, осы жұмысқа

арналған уақыттың шамасына қарай отырып,

оны тоңазытқыш ішінде не бөлме

температурасында жылытуға болады.

Тағамның кіші кесектерін тоңазытқыштан

алған бетте мұздаған қалпы пісіре беруге

болады. бұндай жағдайда пісіру уақыты

ұзағырақ болады.

МҰЗ ТЕКШЕЛЕРІН ЖАСАУ

Бұл құрылғыда мүз текшелерін жасауға

арналған бір не одан да көп науалар бар. Осы

науаларға су толтырыңыз да, содан соң

оларды мұздатқыш камераға салыңыз.

Науаларды камерадан алу үшін

металл аспаптарды пайдаланбаңыз.

СУЫҚ АККУМУЛЯТОРЫ

Мұздатқыштың электр қуаты өшіп не қандай

да бір оқыс жағдай орын алғанда тағамды

ұзағырақ сақтай тұруға көмектесетін кем

дегенде бір суық аккумуляторы бар.

66 www.electrolux.com

Advertising