Karcher SC 4-100 C User Manual

Page 289

Advertising
background image

– 7

Сақтандыру

Бұйымды тек электршінің IEC
60364 стандартына сəйкес
қондырған электр розеткасына
қосуға болады.

Бұйымды тек қана ауыспалы тоққа
қосыңыз. Тоқ кернеуі бұйымның түрі
белгісіндегі көрсетілген кернеуіне
сəйкес болуы тиіс.

Ылғалды бөлмелерде, мысалы,
ванна бөлмелерінде, бұйымды
арнайы FI қауіпсіздік ажыратып-
қосқышымен розеткаға қосу тиіс.

Жарамсыз электрлік ұзарту
кабельдерін қолдану қауіпті болуы
мүмкін. Ұзартқыш ретінде тек су
бүркіндісінен сақтайтын кемінде 3 х
1 мм² көлденең қималы электрлік
кабельді пайдаланыңыз.

Электр ашасы мен ұзартқыш
жалғауы суда жатпау керек.

Электр тоққа қосу кабелі немесе
ұзартқыштағы жалғау
муфталарын алмастыру кезінде
бүркіндіден сақталуын жəне
механикалық беріктікті
қамтамасыз ету қажет.

Пайдаланушы бұйымды нысанына
байланысты қолдану керек.
Бұйыммен жұмыс істеу кезінде
жергілікті ерекшеліктерге назар
аударуы керек, жақында жүрген
адамдарды ескеруі қажет.

Бұл құрылғыны физикалық,
сенсорлық немесе ақыл-ой дамуы
шектелген немесе тəжірибесі жəне/
немесе біліктілігі жоқ адамдар білікті
маманның бақылауында болмаған
кезде немесе осы мамандар
тарапынан бұйымды қолдану тəсілі
жəне оған қатысты қауіптер
түсіндірілмеген кезде пайдаланбауы
тиіс.

Балалар 8 жастан асқан жағдайда
немесе олардың қауіпсіздігіне
жауапты адам бақылауында немесе
құрылғының қолдану тəсілімен жəне
оған қатысты қауіптермен танысқан

кезде ғана құрылғыны қолдана
алады.

Балаларға құрылғымен ойнауға
рұқсат бермеңіз.

Балалар құрылғыны тек
ересектердің бақылауында тазалауы
жəне пайдалануы мүмкін.

Бұйымды ешқашан қосулы күйінде
қалдыруға болмайды.

Электр розеткалары бар кафельді
қабырғаларды тазалау кезінде
қауіпсіздікті сақтаңыз.

Сақтық нұсқауы

Электр тоққа қосу кабелі мен
ұзартқыштың қиылу, қысылу,
созылу жəне т.б. нəтижесінде
пайда болған ақаулардың болмауын
қадағалау керек. Электр кабелдер
ыстықтың, майдың əсерінен жəне
өткір қырлардың зақымдануынан
сақтаңыз.

Су резервуарына еріткіштерді,
еріткіші бар сұйықтықтарды жəне
де араластырылмаған
қышқылдарды (мысалы, жуғыш
заттар, жанармай, бояуларға
арналған еріткіш немесе ацетон)
құюға тыйым салынады, əйтпесе,
бұйымның жасалған
материалдарына зиян келтіруі
мүмкін.

Тазалау бойынша жұмыстар жүргізу
кезінде бұйымды тасуға болмайды.

Бұйым тұрақтылықты сақтайтын
жерде тұруы қажет.

Бұйымды сипаттамаға немесе
суретке сəйкес қана қолдану жəне
сақтау қажет!

Жұмыс барысында Бу берудің
деңгей реттегішін бекітуге
болмайды.

Бұйымды жаңбырдан сақтаңыз.
Далада ашық аспан астында
сақтауға болмайды.

289

KK

Advertising
This manual is related to the following products: