Ескерту, Күтім көрсету, Қоршаған орта – Bebe Confort Keyo bouncer User Manual

Page 57: Сұрақтар жөнінде, Кепілдік

Advertising
background image

( )

( )

( )

( )

57

KZ

ЕСКЕРТУ:

Секіргішті тасымалдау үшін ойыншық тақтаны

ешқашанда пайдаланбаңыз.

КҮТІМ КӨРСЕТУ

Бөлшектеуден бұрын барлық бөлшектерді

қайтадан дұрыс құрастыру үшін әртүрлі

бөлшектерді бірге қалай біріктірілетінін

белгілеп алғаныңызды тексеріңіз. Астарын жылы

сабынды сумен жуыңыз (кір жуғыш машинада

жууға болмайды), мұқият шайыңыз және тұтас

құрғатыңыз. Үтіктемеңіз. Барлық механикалық

бөлшектерді қолайлы және ұзақ уақыт қолдану

үшін оларға үнемі күтім жасап отыру керектігін

есіңізде сақтаңыз.

Қоршаған орта

Барлық полиэтиленді қаптамаларды балалар

тұншығып қалмауы үшін олардың қолы жетпейтін

жерде сақтаңыз. Өнім енді пайдаланылмайтын

болса, оны жергілікті заңдарға сәйкес қоқыс

тастайтын жерге лақтыру арқылы қоршаған

ортаны қадірлеңіз.

Сұрақтар жөнінде

bebeconfortтың жергілікті жердегі өкіліне

жолығыңыз немесе біздің «www.bebeconfort.

com» деген веб-сайтымызға кіріңіз. Бұндай

жағдайда өзіңізде төмендегі мына мәліметтер

болсын:

- Сериялық нөмірі,

- Балаңыздың жасы (бойы) және салмағы.

Bébé Confort кеңесі:

Бала өз бетімен отыра алған кезде, балаңыздың

қауіпсіздігі мен ыңғайлылығы үшін биік

орындықты пайдалануды ұсынамыз. Егер мүмкін

болса, арқа бұрышын қажетіңіз бойынша

реттеңіз: тамақ ішу үшін отыру, оянған кезде

жартылай жату немесе демалу үшін тіке тұру.

Оның психомоторлық дамуына көмектесу үшін

бала секіргіште отырған кезде оған кішкене

ойыншық беріп қойыңыз, тек тамақтанған кезде

емес. Баланы секіргіште ұзақ уақытқа

қалдырмаңыз: ең көп 1 сағат 30 минут.

Аударылып қалуын болдырмау үшін секіргішті

екі адам болып көтермеңіз. Құлап қалуын

болдырмау үшін ішінде бала отырған секіргішті

көтермеңіз. Секіргішті уақытылы тазалап

тұрыңыз.

Кепілдік

Біз осы бұйымның қауіпсіз болуының

қолданыстағы барлық европалық талаптарына

және қолданылатын сапа стандарттарына сәйкес

өндірілген бұйым екеніне және сатылған кезде

осы бұйымның мүлтіксіз жасалғаны мен

материалдарында кемістік болмағанына кепілдік

береміз.Өнім өндіріс барысында сапалы

тексерудің бірнешеуінен өткен.

Егер (тұтынушыға арналған нұсқаулықтағыдай

дұрыс пайдаланған жағдайда) біздің бар

әрекетімізге қарамастан (24 айлық) кепілдік

мерзімнің ішінде жасалуынан/материалдарынан

бір кемістік анықталса, біз кепілдік талаптарын

орындауға дайынбыз. Бұндай жағдайда өз

дилеріңізбен байланысуыңызды сұраймыз.

Advertising