Жөндеу және күтім, Қоршаған ортаны сақтау және қорғау, Тасымалдау және сақтау – Hotpoint Ariston PKLL 751 T/IX/HA EE User Manual

Page 55: Құрылғыны өшіру, Конфорка бетін тазалау, Конфорка бөліктерін тазалау, Газ шүмегіне техникалық қызмет көрсету

Advertising
background image

KZ

55

• Бұйымның тазалау немесе техникалық жұмыстар жасау үшін

штепсельді вилканы тоқ көзінен суырыңыз.

• Жөнделмейтін жағдайда, бұйымның ішкі мехнанизмдерін өз бетінше

жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ашуға тыйым салынады. Техникалық

қызмет көрсету орталықтарына хабарласыңыздар (Техникалық

қызмет көрсетуді қара).

• Егер газ және электр конфоркалары ыстық болып тұрса, пісіру

панелінің шыны қақпағын (егер ол болса) жаппаңыз.

Құрылғыны физикалық, сезімталдық және психикалық қабілеттері

төмен адамдар (балалар да кіреді), тәжірибесіз немесе өнімнен

хабары жоқ кез келген адамның қолданбауы тиіс. Мұндай адамдарға,

кем дегенде, қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін біреулер жетекші

болуы керек немесе құрылғының жұмысына қатысты кіріспе

нұсқаулары берілуі тиіс.

Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз.

Құрылғы сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан басқару

жүйесі арқылы басқарылуға арналмаған.

Жою

• Орауыш материалды жойған кезде: орауышты қайта пайдалануға

болатындай етіп жергілікті заңнаманы ұстаныңыз.

• Жарамсыз электрлік және электрондық жабдық бойынша (WEEE)

2002/19/EU Еуропалық директивасы ескі тұрмыстық құрылғыларды

қалыпты сұрыпталмаған тұрмыстық қоқыс құбырына жоюды талап

етеді. Ескі құрылғылар ішіндегі материалдардың қалпына келтірілуін

және қайта өңделуін оңтайландыру және адам денсаулығы мен

қоршаған ортағы әсерін азауту үшін ескі құрылғыларды бөлек жинау

ұсынылады. Өнімдегі үсті сызылған «қоқыс себеті» белгісі құрылғыны

жойған кезде бөлек жинау қажеттілігі туралы ескертеді.

Тұтынушылар өзінің ескі құрылғыларын жою туралы мәліметтер алу

үшін жергілікті үкіметке не делдалға хабарласуы керек.

Қоршаған ортаны сақтау және қорғау

• Азық-түлікті жабық құмыраларды немесе қақпағы тығыз жабылатын

кастрөлдерде сақтаңыз және суды аз қолданыңыз. Қақпақсыз

дайындаған жағдайда, энергия көп жұмсалатын болады.

• Түбі тегіс құмыралар мен кастрөлдерді пайдаланыңыз.

• Асты ұзақ уақыт бойы дайындаған жағдайда, екі есе жылдам

дайындайтын және үштен бір энергия қуатын үнемдейтін жылдам

қайнатқышты қолданыңыз.

Тасымалдау және сақтау.

• Пісіргіш панельдерін түпнұсқа орауыш ішінде көлденең күйде

тасымалдау керек.

• Тасымалдау және сақтау кезінде пісіргіш панельдерін атмосфералық

әсерлерден және механикалық зақымдалудан қорғаңыз.

• Панельді жылытылмаған бөлмеде минус 50°С және плюс 40°С

температура аралығында орауыш ішінде сақтау керек (газ пісіргіш

панелі).

• Панельді жылытылған бөлмелерде плюс 5°С және плюс 40°С

температура аралығында орауыш ішінде сақтау керек (аралас пісіргіш

панель).

Жөндеу және күтім

Құрылғыны өшіру

Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын құрылғыны тоқтан

ажыратыңыз.

Конфорка бетін тазалау

• Барлық эмаль жағылған және әйнек бөліктер жылы су және

нейтралды тазалағыш затпен тазалануы тиіс.

• Тат баспайтын болат беттер тым ұзаққа жанасып қалса, әкті су

немесе қатты тазалағыш заттармен кірленуі мүмкін. Кез келген тағам

қалдықтары (су, тұздық, кофе, т.б.) құрғатылуына дейін тазалануы

тиіс.

• Жылы су және нейтрал тазалағыш затпен тазалаңыз және кейін

жұмсақ матамен немесе күдерімен құрғатыңыз. Қатып қалған кірді

тат баспайтын болат беттерге арналған тазалағыштармен тазалаңыз.

• Tат баспайтын болатты тек жұмсақ мата немесе сүлгімен тазалаңыз.

• Қатты немесе күйдіргіш өнімдерді, хлор негізіндегі тазалағыштарды

немесе металл ысқыштарды пайдаланбаңыз.

• Бу тазалағыштар құралдарды пайдаланбаңыз.

• Жанғыш өнімдерді пайдаланбаңыз.

• Сірке суы, қыша, тұз немесе лимон шырыны сияқты қышқылды

немесе сілтілі заттарды плитада қалдырмаңыз.

Конфорка бөліктерін тазалау

• Торталар, конфорка қақпақтары және конфоркалар тазалану үшін

алынуы мүмкін.

• Оларды кез келген тағам қалдықтарын алып, конфорка

саңылауларының бітелмегенін тексере отырып қолыңызбен жылы

суды және ысқыш емес тазалағышты пайдаланып тазартыңыз.

• Шаю және құрғату.

• Конфоркалар мен конфорка қақпақтарын тиісінше сәйкес орындарына

қайта орнатыңыз.

• Торларды ауыстыру кезінде табақтар орнатылатын аймақ

конфоркамен сәйкестендірілгеніне көз жеткізіңіз.

• Электрлік оталдыру қосқыштары және қауіпсіздік құрылғысымен

жабдықталған үлгілер тиісінше жұмыс істеуі үшін, тұтқаларының

шеттері толығымен тазалануы тиіс. Бұл элементтерді жиі тексеріңіз

және қажет болса, дымқыл матамен тазалаңыз. Кез келген қатып

қалған тағамдар тіс тазартқыш немесе иненің көмегімен тазалануы

тиіс.

! Электрлік оталдыру құрылғысының зақымдалуын болдырмау

үшін оны конфоркалар орындарына орнатылмаған жағдайда

пайдаланбаңыз.

! Конфорка бетін тазалау үшін таба тіректерін алудың қажеті жоқ. Тірек

жүйесінің арқасында оларды көтеріп ұстап тұрсаңыз немесе артқы тірекке

қойылғанда бұрасаңыз болғаны.

Ыстық торларды шыны қақпақ (бар болса) үстіне қоймаңыз, әйтпесе

шыныдағы резеңке тығыздағыштар зақымдалуы мүмкін.

Газ шүмегіне техникалық қызмет көрсету

Уақыт өте вентильдер қатып қалуы немесе бұрылмай қою мүмкін. Бұл

жағдай орын алса, шүмекті ауыстыру қажет.

! Бұл процедураны өндіруші өкілет берген білікті маман орындауы

тиіс.

Advertising
This manual is related to the following products: