Индикатор шамдары – Hotpoint Ariston TCS 73B GP User Manual

Page 73

Advertising
background image

73

KZ

Бағдарламаны таңдау тұтқасы

Бағдарламаны орнатуға мүмкіндік береді: индикатор қажетті бағдарламаға қарағанша бұрыңыз. ӨШІРУ күйі кептіргішті

өшіреді. («Бастау және бағдарламаны таңдау» тарауын қараңыз).
Опция түймелері

Таңдалған бағдарлама үшін бар опцияларды таңдауға мүмкіндік береді. Опция таңдалған кезде қатысты индикатор шамдары

жанады («Бағдарламалар және опциялар» тарауын қараңыз).
БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесі және индикатор шамы

Жасыл шам баяу жыпылықтап тұрғанда, бағдарламаны бастау үшін түймені басыңыз. Цикл орындалып жатқан кезде

индикатор шамы жанып тұрады. Бағдарламаны тоқтатып қою үшін түймені тағы бір рет басыңыз; индикатор шамы қызғылт

сары түспен жыпылықтай бастайды.

Бағдарламаны тоқтатылған жерінен жалғастыру үшін түймені тағы бір рет басыңыз («Бастау және бағдарламаны таңдау»

тарауын қараңыз).

Индикатор шамдары

«Техникалық қызмет көрсету» индикатор шамдары.

Индикатор шамдары маңызды ақпаратты береді. Олар төмендегілерді білдіреді:
Әр бағдарлама алдында,

CLEAN FILTER (СҮЗГІНІ ТАЗАЛАУ) және

EMPTY WATER (СУДЫ АҒЫЗУ) сигналдары

барабан кептіргішін пайдалану алдында сүзгіні тазалау және су контейнерін босату қажеттілігі туралы сигнал береді («Күтім

және техникалық қызмет көрсету» бөлімін қараңыз).
Егер бағдарламаның орындалу барысында су контейнері толса, жарық диоды жанады. Циклді үзілген жерінен жалғастыру

үшін су контейнері

ІСКЕ ҚОСУ/КІДІРТУ түймесін баспас бұрын босатылуы керек.

«Конденсор бөлігін тазалау» индикатор шамы

конденсорды мерзімді түрде тазалап отыру өте маңызды екенін білдіреді

(«Күтім көрсету және техникалық қызмет көрсету» тарауын қараңыз).

«Кептіру кезеңдері» индикатор шамдары

индикатор шамы кептіру кезеңі орындалып жатқанын білдіреді.

индикатор шамы салқындату кезеңі орындалып жатқанын білдіреді.

СОҢЫ (

END) индикатор шамы бағдарлама аяқталғанын білдіреді.

«Кешіктіріп бастау» индикатор шамы

«Кешіктіріп бастау» опциясы іске қосылған болса («Бағдарламалар және опциялар» тарауын қараңыз), бағдарлама

басталғаннан кейін, таңдалған уақытта сәйкес келетін индикатор шамы жыпылықтай бастайды:

Уақыт өте, қалған кешіктіру уақыты көрсетіледі және тиісті индикатор шамы жыпылықтайды:

Орнатылған кешіктіру уақыты аяқталған соң, жыпылықтап тұрған жарық диоды өшеді және орнатылған бағдарлама

басталады.

Advertising