Қазақша – Philips GC4850 User Manual

Page 77

Advertising
background image

77

Кіріспе

Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош

келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану

үшін, өнімді www.philips.com/welcome веб-торабында тіркеңіз.

Жалпы сипаттама (Cурет 1)

1 Су шашатын түтік

2 Су құятын тесік

3 Су шашу түймесі

4 Бу деңгейін реттегіш

5 Буды күшейту түймесі

6 Ionic DeepSteam түймесі (тек GC4880, GC4875, GC4870)

7 Ionic DeepSteam шамы (тек GC4880, GC4875, GC4870)

8 Температураны реттеу дөңгелегі

9 Температураның сары түсті шамы (барлық түрлерде) / қызыл түсті

автоматты өшу шамы (тек GC4891/GC4890/GC4880/GC4875/

GC4870/GC4865/GC4860/GC4856/GC4855/GC4852/GC4851/

GC4850 үлгілерінде).

10 Қуат сымы

11 Ақпараттық тақтай

12 Үтіктің табаны

13 Қақ тазалау түймесі

Көрсетілмеген: ыстыққа төзімді қорғау қабы (тек GC4880 үлгісінде)

Көрсетілмеген: су толтыратын ыдыс

Маңызды

Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып

шығып, болашақта анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап

қойыңыз.
Қауіпті

- Үтікті ешқашан суға батыруға болмайды.
абайлаңыз

- Құралды жалғамас бұрын, розетка қуатының сәйкес екенін тексеріңіз

(16 A, үлгіге байланысты).

- Құралды қоспас бұрын, техникалық сипаттар

тақтайында көрсетілген кернеудің жергілікті желі кернеуіне сәйкес

келетінін тексеріп алыңыз.

- Ашасы, сымы немесе құралдың өзі зақымдалған болса, сондай-

ақ, құралды түсіріп алсаңыз немесе құралдан су ағып тұрса,

оны қолданбаңыз.

- Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай орын алмауы үшін, оны

тек Philips компаниясында, Philips мақұлдаған қызмет орталығында

немесе білікті мамандар ауыстыруы керек.

- Құрал розеткаға қосылып тұрса, оны бақылаусыз қалдырмаңыз.

- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны

пайдалану нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі,

сезімталдығы төмен, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдар

(соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.

- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.

- Тоқ сымын үтіктің ыстық астыңғы табанына тигізбеңіз.

ҚазаҚша

Advertising
This manual is related to the following products: