Philips HD7140 RU User Manual

Page 25

Advertising
background image

Құралды пайдалану

1

Пайдаланылатын шыны аяққа немесе шыны аяқтарға таза, салқын су толтырыңыз.

2

Суды су ыдысына құйыңыз (Cурет 2).

Су ыдысына MAX («ЕҢ ЖОҒ.») көрсеткішінен асырып су құюға болмайды.

3

Сүзгі ұстағышына қағаз сүзгі салыңыз (№ 101). (Cурет 3)

, Кейбір түрлері тұрақты сүзгімен беріледі (Cурет 4).

Тұрақты сүзгіні қағаз сүзгімен бірге қолданбаңыз.
Ескертпе: тұрақты сүзгіге бөлек тапсырыс беруге де болады («Қосалқы құралдарға тапсырыс

беру» тарауын қараңыз).

4

Сүзгіге ұнтақталған кофе (сүзгіге арналған) салыңыз (Cурет 5).

- Егер кофені өзіңіз ұнтақтайтын болсаңыз, оларды тым ұсақтамаңыз.

- Үлкен шыны аяқ (мысалы, құралмен берілген шыны аяқтар) қолданған жағдайда, онда әр

шыны аяқ үшін шамамен екі қасық ұнтақталған кофе салыңыз.

- Кішірек шыны аяқ қолданған жағдайда, онда әр шыны аяқ үшін бір қасық ұнтақталған кофе

салыңыз.

- Кофе мөлшерін өзіңіздің талғамыңызға сай салуға болады.

5

Шыны аяқты немесе шыны аяқтарды кофе шүмегінің астына қойыңыз (Cурет 6).

6

Құралды қосу үшін, түймесін басыңыз (Cурет 7).

Қуат шамы жанады.
Құрал кофе қайнатып жатқанда шыны аяқты немесе шыны аяқтарды алмаңыз.
Ескертпе: демдеу барысында, құралды тек штепсельдік ұшты қабырға розеткасынан ажырату

арқылы өшіруге болады. Штепсельдік ұшты қабырға розеткасына қайта қосқанда, су ыдысы

босағанша құрал демдеуді жалғастырады.

7

Демдеу аяқталғанда, құрал автоматты түрде өшеді. Қуат шамы сөнгеннен кейін, шүмектен

кофе тамып біткенше шыны аяқты немесе шыны аяқтарды алмаңыз.

Ескертпе: құрал кофені ыстық күйінде сақтамайды.

- Тамшы тоқтатқышы демделіп болған кофенің тамшы ыдысына тамуына жол бермейді.

Тамшы тоқтатқышы сүзгі ұстағышында біраз судың қалуына себепші болуы мүмкін. Алайда,

бұл сүзгінің бітеліп қалғанын білдірмейді.

8

Қағаз сүзгіні қолданып болғаннан соң тастаңыз (Cурет 8).

9

Тұрақты сүзгі қолданған жағдайда, оны босатып, ішін шайып жіберіңіз (Cурет 9).

Қайта кофе демдемес бұрын, құралды кем дегенде 4 минут суытып алыңыз.
Ескертпе: қайта кофе демдемес бұрын, құралды кем дегенде 4 минут суытып алыңыз.

Тазалау

Құралды суға немесе басқа сұйықтыққа батырмаңыз және ағын сумен шаймаңыз.

1

Құралды розеткадан ажыратыңыз.

2

Құралды дымқыл шүберекпен сүртіңіз.

3

Бөлек бөлшектерді (тамшы ыдысы, сүзгі ұстағышы және тұрақты сүзгі) біраз тазалау

сұйықтығы қосылған жылы сумен немесе ыдыс жуу машинасында жуыңыз.

ҚазаҚша

25

Advertising