Электромагниттік өрістер (эмө), Құрылғыны қолдану, Infracare тиімділігі – Philips HP3631 User Manual

Page 44

Advertising
background image

Құралды қатты соққыға душар етпеңіз.

Қолданып болғаннан соң немесе тоқ қуаты тоқтап қалған шақтарда, құралды міндетті

түрде сөндіріңіз.

Құралды тұрақты, тегіс жерге қойыңыз. Қатты ысып кетуден қорғау үшін, оның айналасында

кем дегенде 25 см бос жер қалдырыңыз.

Құралды бөлме температурасы 10°C төмен немесе 35°C жоғары болған жағдайда

қолдануға болмайды.

Құралды қолданып жатқанда, құралдың артындағы булық міндетті түрде ашық болуы тиіс.

Құрал қатты ысып кетуден қорғайтын автоматты қорғаумен жабдықталған. Егер құрал

қажет мөлшерде суып болмаса (мысалы, салқындатқыштары жабылған болса ),

құрал автоматты түрде өшіп қалады. Құралды токтан ажыратып, ысып кетуден сақтаңыз.

Құрал суытылғаннан кейін, оны қайта қосуға болады. Осылай істеу үшін, құралды токқа

қайта қосып, қосу/өшіру түймесін басыңыз.

Құралды сақтап қояр алдында, оны 15 минуттай суытып алыңыз.

Егер сіз жаңа ғана судан шыққан болсаңыз немесе жаңа ғана душ қабылдаған болсаңыз,

құралды қолданар алдында өзіңізді мұқият түрде сүртіп, кептірініңіз.

Көзіңізді құртып алмау үшін, лампалар қосылып тұрғанда оның жарығына қарамаңыз.

Көздеріңізді жұмып отырыңыз.

Құрал қосылып тұрғанда, фильтр мен оның айналасындағы бөлшектер қатты ысып кетеді.

Оларға тимеңіз.

Егер фильтр зақымдалған, сынық немесе жоқ болса, құралды қолданбаңыз.

Ем қабылдап болған бойдан, ем қабылдаған денеңізді жылдам суытудан сақ болыңыз.

Ем қабылдап жатқанда ұйықтап кетпеңіз.

Ауыруды азайтатын дәрілер ыстықтың сезімталдығын кемітеді. Егер сіз ауыруды азайтатын

дәрі қабылдап жүрген болсаңыз, құралды қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.

Егер ауыр ауруға шалдыққан болсаңыз (мысалы, диабет, жүрек ауруы, ауыр асқынған

аурулар, склероз, тромбоз, қан ұюының аурулары), қолдану алдында дәрігерден кеңес

алыңыз.

Әдеттегідей, ыстық душ қабылдай алмайтын болсаңыз, бұл құралды қолданбаңыз.

Күмәндансаңыз, дәрігерден кеңес алыңыз.

Егер сіз инфра қызыл сәулеге тым сезімтал болсаңыз, осы құралды қолданып жатқанда абай

болыңыз. Егер күмәніңіз болса, онда дәрігермен ақылдасыңыз.

Егер сізде ісік болса, немесе күйдіріп алған жеріңіз болса, онда құралды қолданбаңыз,

себебі бұл құрал ауыруыңызды асқындырып жіберуі мүмкін. Егер күмәніңіз болса, онда

дәрігермен кеңесіңіз.

Егер 6-8 рет ем қабылдағаннан кейін де жақсаруды сезбесеңіз, құралды қолдануды

тоқтатып, дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

Терінің ысып кетуінен сақтану үшін, тым жақын арақашықтықтан сақтаныңыз.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)

Philips компаниясы шығарған бұл құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық

стандарттарға сай келеді. Дұрыс әрі осы пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес

қолданылса, қазіргі кезде белгілі ғылыми дәлелдерге негізделе отырып құралды қолдану қауіпсіз

деуге болады.

Құрылғыны қолдану

infraCare тиімділігі

InfraCare инфрақызыл сәуле шығарады, ол теріге терең еніп, ұлпаны жылытады.

Жылылық миға түсетін нейрон белгілерін басқарады және осы арқылы ауыру сезімін басады.

Жылыту процесі қан айналымын жылдамдатады және қантамырларын кеңейтеді, бұл арқылы

дене талшықтарын қалыптастыру мен қоректендіруге қажетті заттардың жүруі

жылдамдатылады. Инфра қызыл сәуле, сондай-ақ, метаболикалық процестердің жүруін және

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

ҚазаҚша



Advertising
This manual is related to the following products: