Philips HD6161 User Manual

Page 53

Advertising
background image

7

Қақпақты жабыңыз.

8

Құралды қолданып болғаннан соң, оны тоқтан ажыратыңыз.

Ескертпе. Егер сіз қуырғышты күнделікті қолданбасаңыз, онда майды немесе сұйытылған

майды құйып алыңыз. Майды немесе сұйытылған майды тығыз жабылған контейнерде салқын

жерде немесе мұздатқышта сақтаңыз.

Қуыруға байланысты кеңестер

- Қандай мөлшерлер мен бағдарламалар таңдау керектігі жөнінде ақпарат алу үшін, осы

кітапшаның соңындағы тамақ кестесін қараңыз.

- Қуырылатын азық-түліктегі мұз бен суды сілкіп тастап, жақсылап кептіріп алыңыз.

- Бір уақытта тым көп мөлшерде қуырмаңыз. Осы кітапшаның соңында берілген тамақ

кестесінде берілген мөлшерлерден асырмаңыз (- ұсынылған мөлшерлерді көрсетеді).
Жағымсыз дәмдерден құтылу жолы

Кейбір азық-түліктер, әсіресе балық, өсімдік немесе жануар майына жағымсыз дәм беруі мүмкін.

Майдың дәмін кетіру үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:

1

Өсімдік немесе жануар майын 160 °C температурасына дейін қыздырыңыз.

2

Майға нанның екі жіңішке тілімін немесе бірнеше ақжелкен бұтағын салыңыз.

3

Көбігі шығып болғанша күтіңіз. Содан кейін, нан тілімдерін немесе ақжелкенді майдан

кәкпірмен сүзіп алыңыз.

Өсімдік немесе жануар майының дәмі қайтадан қалыпты болды.

Үйде жасалған фри картобы

Ең дәмді және қытырлақ фри картобы төмендегі тәсілмен дайындалады:

1

Қатты картопты ұзынша етіп тураңыз да, суық сумен шайыңыз.

Бұл кесілген таяқшаларды бір-біріне жабысудан сақтайды.
Ескертпе. Ұзынша туралған картоп тілімдерін әбден кептіріңіз.

2

Француз жолымен қуырылатын картопты мынадай ретпен қуырған дұрыс: бірінші 4-6

минут бойы, 160°C температурамен, ал екінші рет 3-4 минут бойы, 170°C

температурамен құырыңыз.

Екінші рет қуырмас бұрын, фри картобын суытып алыңыз.

3

Үйде жасалған фри картобын ыдысқа салып, сілкіп жіберіңіз.

Тазалау

Қуырғышты тазалау немесе қозғалту үшін, өсімдік немесе жануар майының кемінде 4 сағат

сууын күтіңіз.
Қыздыру элементі бар бақылау панелін суға батырмаңыз немесе ағын су астында шаймаңыз.

Егер қажеттілік болса, оны тек дымқыл шүберекпен тазалап алыңыз.
Құралды тазалағанда, қыратын шүберектерді, қырғыш тазалау құралдарын, жанармай немесе

ацетон сияқты сұйықтықтарды қолданбаңыз.

1

Қақпақты алып тастаңыз. (Cурет 3)

2

Себетті қуырғыштан шығарыңыз.

3

Қыздыру элементі бар бақылау панелін қуырғыштан алып, оны қауіпсіз құрғақ жерге

қойыңыз. (Cурет 13)

ҚазаҚша

53

Advertising