Қазақ – Vitek VT-1698 User Manual

Page 42

Advertising
background image

42

ҚАЗАҚ

Жұмыс камерасының жарықтандыруын автоматты өшіру
• Егер пештің есігі ашық болса жəне ешқандай əрекеттер жүргізілмесе, жұмыс камерасындағы жарық 10

минуттан кейін автоматты сөнеді.

Дисплей көрсеткіші
• Күту режимінде дисплейде ағымдағы уақыттың көрсеткіштері бейнеленеді жəне бөлу нүктелері (19)

жыпылықтайды.

• Өнімдерді дайындаудың орнатылған бағдарламасы кезінде дисплейде осы бағдарламаға сəйкес келетін

пиктограммалар жыпылықтайды.

• Өнімдерді дайындау процесінде дисплейде қалған дайындау уақыты бейнеленеді.
• Егер өнімдерді дайындау процесінде пештің есігі ашылып қалса, онда дайындау процесі уақытша тоқтайды

жəне сəйкесінше режимнің пиктограммалары үнемі жанып тұрады. Дайындау процесін жалғастыру үшін
пештің есігін жабыңыз жəне Старт/Жылдам дайындау батырмасын басыңыз.

Тазалау жəне күтім
• Тазалаудың алдында пешті өшіріңіз жəне желілік кабельді розеткадан ажыратыңыз.
• Басқару панеліне ылғалдың түсуіне жол бермеңіз. Оны жұмсақ, сəл ылғал шүберекпен тазалаңыз.
• Пештің жұмыс камерасын тазалықта ұстаңыз. Егер пештің қабырғаларында өнімдердің қоқымдары немесе

аққан сұйықтық іздері қалса, оларды ылғал шүберекпен сүртіп алыңыз.

• Жұмыс камерасы тым кірленген жағдайда жұмсақ жуу құралын пайдалануға болады.
• Пештің ішін жəне сыртын тазалау үшін абразивті тазалау құралдарын, сымды щеткаларды қолданбаңыз.

Пеш қақпағында орналасқан ауа немесе бу шығатын саңылауларға су немесе жуу құралы тимеуін
қадағалаңыз.

• Аммиак негіздегі жуу құралын пайдалануға тыйым салынады.
• Сыртқы беттерді ылғал шүберекпен тазалау қажет.
• Пештің есігі үнемі таза болуы қажет. Есік жəне пештің беткі панелі арасында тамақ қоқымдарының

жиналуына жол бермеңіз, бұл есіктің дұрыс жабылуына кедергі келтіреді.

• Пеш корпусындағы пешті суыту үшін ауа жүретін желдету тесіктерін шаңнан жəне кірден үнемі тазартып тұрыңыз.

• Шыны тұғырықты жəне оның тірегін үнемі шешіп, тазалаңыз; пештің жұмыс камерасының түбін сүртіп

отырыңыз.

• Шыны тұғырық жəне оның айналу жетегін бейтарап сабын ерітіндісі қосылған суда жуыңыз. Осы

бөлшектерді жуу үшін ыдыс жуу машинасын қолдануға болады.

• Қызып тұрған шыны тұғырықты суық суға салмаңыз: температураның күрт өзгеруінен шыны тұғырық

жарылып кетуі мүмкін.

Ақаулықтарды жою

Ақаулық

Ықтимал себебі

Жою жолы

Пеш қосылмайды

Желілік кабельдің ашасы

розеткаға толық салынбаған.

Ашаны розеткадан шығарыңыз. 10 секунд өткеннен

кейін ашаны қайтадан розеткаға салыңыз.

Желілік розеткадағы ақаулық.

Тексеру үшін дəл сол розеткаға басқа электр

аспапты қосып көріңіз.

Қызбайды

Есік берік жабылмаған.

Есікті берік жабыңыз.

Пеш жұмыс істеп жатқан

кезде айналып тұратын

шыны тұғырық бөтен

дыбыстар шығарады.

Дөңгелек сақина немесе

камераның төменгі бөлігі

кірленген.

Шыны тұғырықты жəне дөңгелек сақинаны

шешіңіз. Дөңгелек сақинаны жəне жұмыс

камерасының түбін сүртіп алыңыз.

Қалыпты жұмыс

Қысқа толқынды пеш теле жəне
радиосигналды қабылдауда
кедергілер туғызады.

Қысқа толқынды пештің жұмысы кезінде теле жəне радиосигналдарды
қабылдауда кедергілер туындауы мүмкін. Дəл сондай кедергілер шағын
электр аспаптар кезінде де туындайды, мысалы, шаңсорғыш жəне электр
фен. Бұл қалыпты жағдай.

Жарықтандыру жарығы төмен.

Егер қысқа толқынды сəулеленудің тым төмен қуат деңгейі орнатылса,
онда жұмыс камерасы жарықтандыруының жарығы өте төмен болуы
мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.

Есікте будың жиналуы, ыстық ауа
желдету тесіктерінен шығады.

Тамақ əзірлеу кезінде əзірленіп жатқан өнімдерден бу шығуы мүмкін.
Будың көп мөлшері желдету тесіктерінен шығады, бірақ оның кейбір
бөлігі есіктің ішкі жағында жиналуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.

1698_new.indd 42

1698_new.indd 42

22.07.2010 10:19:56

22.07.2010 10:19:56

Advertising