Өнім және қызмет сипаттамасы – Bosch GSR 10,8-LI Professional User Manual

Page 107

Advertising
background image

Қaзақша | 107

Bosch Power Tools

2 609 141 051 | (11.4.13)

Электр құралын берік ұстаңыз. Шуруптарды бұрап

бекіту және бұрап босату кезінде қысқаша жоғары
мезеттер пайда болуы мүмкін.

Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе

қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.

Электр құралын жерге қоюдан алдын оның

тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.

Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі

бар.

Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-
ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан
және ылғалдан қорғаңыз.
Жарылу қаупі бар.

Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс

пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл
жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар
болса, медициналық көмек алыңыз.
Булар тыныс
алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.

Аккумуляторды тек Bosch электр құралымен

пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті
артық жүктеуден сақтайсыз.

Тек электр құралдың зауыттық тақтайшасында

көрсетілген кернеуі бар түпнұсқа Bosch
аккумуляторларын пайдаланыңыз.
Басқа
аккумуляторларды, мысалы, көшірмелерді, қалпына
келтірілген аккумуляторларды немесе басқа маркалы
аккумуляторларды пайдаланғанда, батарея жарылған
кезде жарақаттар алу және мүлікті зақымдау қаупі бар.

Өнім және қызмет сипаттамасы

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді сақтамау тоқтың
соғуына, өрт және/немесе ауыр
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.

Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.

Тағайындалу бойынша қолдану

Бұл электр құралын шуруптарды бұрап бекіту және бұрап
босату, сондай-ақ, ағаш, металл, сонымен бірге,
синтетикалық материалдарды бұрғылауға арналған.

Осы элекр құралының жарығы электр құралының тікелей
жұмыс жайын жарықтандыруға арналған болып үйде
бөлмені жарықтандыруға арналмаған.

Бейнеленген құрамды бөлшектер

Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.

1 Қондырма бита*
2 Аспап пантроны
3 Бекіту төлкесі
4 Айналдыру моментін орнату сақинасы
5 Беріліс ауыстырып-қосқышы

6 Аккумуляторды босату түймесі*
7 Аккумулятор*
8 Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы
9 Қосқыш/өшіргіш

10 „PowerLight“ шырағы
11 Тұтқа (беті оқшауландырылған)
12 Алты қырлы тұтқалы бұрғы*

*Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің
жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.

Шуыл және дірілдеу туралы ақпарат

Шу деңгейі EN 60745 стандартына сай анықталған.

Өлшенген A-өлшенген дыбыстық қысым деңгейі әдетте
71 дБ(A) құрайды. Өлшеу дәлсіздігі K=3 дБ.
Жұмыс орнындағы шу деңгейі 80 дБ(A) мәнінен асуы
мүмкін.
Құлақты қорғау құралдарын киіңіз!
Жиынтық вибрация мәні

h

(үш бағыттың векторлық

қосындысы) және K дәлсіздігі EN 60745 стандартына сай
анықталған:
Металда бұрғылау: a

h

<2,5 м/с

2

, K =1,5 м/с

2

,

Бұрап бекіту: a

h

<2,5 м/с

2

, K =1,5 м/с

2

.

Осы ескертпелерде берілген дірілдеу пәрмені EN 60745
ережесінде мөлшерленген өлшеу әдісі бойынша
есептелген болып электр құралдарды бір-бірімен
салыстыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Ол және дірілдеу
қуатын шамалап өлшеу үшін жарамды.
Берілген діріл көлемі электр құралының негізгі
жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа
жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптар менен
немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса дірілдеу
көлемдері өзгереді. Бұл дірілдеу қуатын бүкіл жұмыс
уақытында қатты жоғарылатады.
Дірілдеу қуатын нақты есептеу үшін құрал өшірілген және
қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру
қажет. Бұл дірілдеу қуатын бүкіл жұмыс уақытында қатты
төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.

Техникалық мәліметтер

Аккумуляторлы бұрауыш

GSR 10,8-л

Өнім нөмірі

3 601 J92 9..

Жұмыс кернеуі

В=

10,8

Бос айналу сәті
– 1-беріліс
– 2-беріліс

мин

-1

мин

-1

0 – 400

0 – 1300

ISO 5393 бойынша қатты/жұмсақ
материалдардағы макс. бұрау
моменті

Нм

30/15*

*пайдаланған аккумуляторге байланысты

OBJ_BUCH-1010-004.book Page 107 Thursday, April 11, 2013 11:27 AM

Advertising