Philips HR1823 User Manual

Page 32

Advertising
background image

- Крахмалы бар жеміс жидектерді, мысалы: банан, папайя, авокадо, інжір немесе манго сияқты

бұл шырын сыққыштан өткізуге болмайды. Ол үшін тамақ жасайтын құралды, немесе

миксерлерді қолданғаныңыз дұрыс.

- Бұл шырын сыққыштан жапырақтарды, немесе жапырақ бұтақтарын өткізуге болады.

- Шырыныңызды сығып болған күйде ішіп қойыңыз. Шырын таза ауада біраз уақыт тұрып

қалса, ол өзінің дәмін және қоректену байлығын жоғалтады.

Құралды пайдалану

1

Жеміс жидектерді, немесе көкөністерді жуып, оларды қоректендіргіш түтікке сиятындай

етіп турап, тутікке салыңыз. (Cурет 8)

2

Құралды қосу үшін оның қосу/өшіру түймесін басыңыз. (Cурет 9)

Бұл құрал тек барлық бөлшектері дұрыс жиналып, қақпағы берілген бекіткіштермен дұрыс

бекітіліп, орнатылғанда ғана жұмыс жасайды.

3

Алдын ала туралған ингредиенттер кесектерін тағам салғыш ауызға салып, итергішпен

жәймен айналып жатқан торға қарай итеріңіз (Cурет 10).

Итергішке қатты салмақ түсірмеңіз, себебі ол соңғы нәтижеге әсерін тигізіп, фильтрді тоқтатып

тастауы да мүмкін.
Қоректендіргіш түтікке ешқашан саусақтарыңызды, немесе басқа заттарды салмаңыз.

4

Барлық азық-түліктер өткізіліп, шырын стақанға құйылып болғанда, құралды өшіріп, тор

айналуын тоқтатқанша күтіңіз.

Құралды тоқтаусыз екі минуттан артық жұмыс жасатпаңыз. Егер сіз шырын жасауды әлі

бітірмеген болсаңыз, оны қайта қосар алдында екі минуттай суытып алыңыз.

5

Тек HR1823 үлгісінде: шырын стақанының қақпағындағы көбік ажыратқыш шырынды

көбіксіз құюға мүмкіндік береді (Cурет 11).

Тазалау

Құралды жуу үшін тазалағыштарды, қырғыштарды, ацетон, спирт сияқты заттарды қолдануға

болмайды.
Бөлшектердің ешқайсысын ыдыс жуғышта жумаңыз.
Қолданғаннан соң бірден тазаласа, оңайырақ болады.

1

Құралды өшіріп, қабырғадағы розеткадан шанышқыны алып, фильтрі айналып тоқтағанын

күтіңіз.

2

Кірленген бөлшектерді мотор бөлігінен алыңыз, оларды жұмсақ қылшықпен сабындалған

суда жуып, таза сумен шәйіңіз. (Cурет 12)

3

Моторды дымқыл шүберекпен сүртіңіз.

Моторды суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға және оны ағын сумен шаюға болмайды.

Қоршаған орта

- Жұмыс мерзімі аяқталғанда, құрылғыны тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз. Қайта

өңдейтін арнайы жинау орнына тапсырыңыз. Бұл әрекет қоршаған ортаны сақтауға септігін

тигізеді (Cурет 13).

ҚазаҚша

32

Advertising
This manual is related to the following products: