AEG MCC2580E-M User Manual
Page 68

68 MCC2580E-m
Салмақ бойынша автоматты түрде
жібіту
Бұл функцияны мұздатылған
тағамдарды автоматты түрде жібіту
үшін пайдаланыңыз. Мұздатылған
тағамның салмағын көрсетіңіз де,
(
бастау/қайтару белгішесі) батыра
басылатын түймешікті басыңыз.
Пеш тамаша жібіту нəтижесіне жету
үшін барынша тиімді жібіту уақыты
мен микротолқын қуатын есептеп
шығарады.
• Қажетті салмақты айналмалы
датчикті сағат бағытына қарсы
бұрап орнатыңыз.
Бейнебетте жібіту белгішесі
жанып, салмақ пайда болады.
• “Бастау” түймешігін басыңыз.
Осы функцияның соңында қоңырау
беріледі де, бағдарламаның
аяқталғанын хабарлайды.
Автоматты пісіру
1
қайта қыздыру мен 5 түрлі
бағдарламаның бірін таңдап алуға
болады. Сіз тек ғана тағамның
санатын таңдап алып, оның
массасын көрсеткен соң, пеш пісіру
уақыты мен қуатты дұрыс есептеп
шығарады.
• “Автоматты пісіру” түймешігін
бейнебетте қажетті параметр
пайда болғанша басыңыз.
• Қажетті салмақты айналмалы
датчикті сағат бағытымен бұрап
орнатыңыз.
• “Бастау” түймешігін басыңыз.
Осы функцияның соңында қоңырау
беріледі де, бағдарламаның
аяқталғанын хабарлайды.