Құралды қолдану, Тазалау – Philips HR1821 User Manual

Page 32

Advertising
background image

Жұқа қабықтар мен терілерді алудын қажеті жоқ. Тек қана қалың қабықтар, мысалы

апельсин, ананас, пісірілмеген қызылша қабықтарын тазалау керек. Сонымен бірге цитрусты

жидекердің ақ қабығын да алып тастаңыз, себебі олардың аштылау дәмі бар.

Алма шырынын дайындағанда есіңізде болсын, алма шырынының қоюлығы сіздің қолданып

жатқан алмаңыздың түріне байланысты болады. Алмаңыз шырынды болса, шырыныңыз

қоюырақ болады. Өзіңізге ұнайтын шырын шығаратын алма түрін таңдаңыз.

Алма шырыны дем арада қоңыр болып кетеді. Егер сіз лимон шырынының бірнеше

тамшысын оған қоссаңыз, алма шырыны тез қоңырланбайды.

Крахмалы бар жеміс жидеткерді, мысалы: банан, папайя, авокадо, інжір немесе манго

сияқты бұл шырын сыққыштан өткізуге болмайды. Ол үшін тамақ жасайтын құралды,

немесе миксерлерді қолданғаныңыз дұрыс.

Бұл шырын сыққыштан жапырақтарды, немесе жапырақ бұтақтарын өткізуге болады.

Шырыныңызды сығып болған күйде ішіп қойыңыз. Шырын таза ауада біраз уақыт тұрып

қалса, ол өзінің дәмін және қоректену байлығын жоғалтады.

Құралды қолдану

1

Жеміс жидектерді, немесе көкөністерді жуып, оларды қоректендіргіш түтікке

сиятындай етіп турап, тутікке салыңыз. (Cурет 8)



Құралды қосу үшін оның қосу/өшіру түймесін басыңыз. (Cурет 9)

Бұл құрал тек барлық бөлшектері дұрыс жиналып, қақпағы берілген бекіткіштермен дұрыс

бекітіліп, орнатылғанда ғана жұмыс жасайды.



Алдын ала туралған ингредиенттер кесектерін тағам салғыш ауызға салып, итергішпен

жәймен айналып жатқан торға қарай итеріңіз (Cурет 10).

Итергішке қатты салмақ түсірмеңіз, себебі ол соңғы нәтижеге әсерін тигізіп, фильтрді тоқтатып

тастауы да мүмкін.
Қоректендіргіш түтікке ешқашан саусақтарыңызды, немесе басқа заттарды салмаңыз.
Барлық ингредиенттерді өңдеп болғаннан соң, және шырын ағыны шыны ыдысқа, немесе

шыны аяққа құйылуын тоқтатқанда, құралды сөндіріп, тор айналуын тоқтатқанша күтіңіз.
Құралды тоқтаусыз екі минуттан артық жұмыс жасатпаңыз. Егер сіз шырын жасауды әлі

бітірмеген болсаңыз, оны қайта қосар алдында екі минуттай суытып алыңыз.



(Тек HR1821 түрі ғана) шырын шыны ыдысының қақпағының ішіне орнатылған көбік

ажыратқыш арқасында сіз төбесінде көбік жиналмаған керемет шырын

аласыз (Cурет 11).

Тазалау

Егер сіз құралды қолданғаннан соң бірден оны тазаласаңыз, ол жеңіл тазаланады.

Құралды жуу үшін тазалағыштарды, қырғыштарды, ацетон, спирт сияқты заттарды

қолдануға болмайды.

Бөлшектердің ешқайсысын ыдыс жуғышта жумаңыз.

1

Құралды өшіріп, қабырғадағы розеткадан шанышқыны алып, фильтрі айналып

тоқтағанын күтіңіз.



Кірленген бөлшектерді мотор бөлігінен алыңыз, оларды жұмсақ қылшықпен

сабындалған суда жуып, таза сумен шәйіңіз. (Cурет 12)



Моторды дымқыл шүберекпен тазалаңыз.

Моторды суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға болмайды, және оны ағын судың астында

да шаюға болмайды.

-

-

-

-

-

-

,

,

,

ҚазаҚша



Advertising