Режимдер, Тағам дайындау режимдері, Тағам дайындау бойынша кеңес – Hotpoint Ariston Luce FK 83 X-HA User Manual
Page 65

KZ
65
Тағам дайындау режимдері
! Келесіден басқа тағам дайындау режимдерінің
барлығына 60°C пен МАКС (Ең жоғары) аралығында
кез келген температура мәні орнатылуы мүмкін:
• ГРИЛЬ (кеңес: тек МАКС (Ең жоғары) деңгейін
орнатыңыз)
• ГРАТИН (кеңес: 200°C-тан асырмаңыз).
ЕРІТУ режимі
Пештің түбіндегі желдеткіш бөлме температурасындағы
ауаны тағам айналасында айналдырып отырады. Бұл
режим тағамның кез келген түрін еріту үшін қолайлы,
әсіресе қыздыруға болмайтын нәзік тағамдар, мысалы:
балмұздақ торттары немесе тәтті крем, крем немесе жеміс
қосылған торттар. Еріту уақыты шамамен екі есе азаяды.
Ет, балық немесе нан еріткен кезде «көпдеңгейлі» режимді
таңдап, температураны 80-100 °C аралығында орнату
арқылы процессті жылдамдатуға болады.
TRADITIONAL OVEN (ДАҒДЫЛЫ ПЕШ) режимі
Үстіңгі және астыңғы қыздыру элементтері қосылады.
Тағам дайындаудың дағдылы режимін пайдаланғанда
тек бір тағам дайындау тартпасын қолданған дұрыс
болады. Бірден көп тартпа қолданылғанда пеш
ішіндегі температура бірдей болмауы мүмкін.
BAKING (ПІСІРУ) режимі
Артқы қыздыру элементі және желдеткіш іске қосылып,
жылудың бүкіл пешке жұмсақ әрі біркелкі түрде
таралуын қамтамасыз етеді. Бұл режим температураға
сезімтал болатын тағамдарды (мысалы, көтерілуді
қажет ететін торт сияқты тағамдар) және ұннан
жасалған «бір тістем» кондитерлік өнімдерді 3
тартпада бірдей дайындауға арналған.
FAST COOKING (ЖЫЛДАМ ПІСІРУ) режимі
Артқы қыздыру элементі мен желдеткіш іске
қосылады да, жылудың бүкіл пешке жұмсақ әрі
біркелкі түрде таралуын қамтамасыз етеді.
Бұл пісіру режиміне алдын ала қыздыру қажет емес.
Бұл функция алдын ала оралған (қатырылған немесе
алдын ала пісірілген) тағамды жылдам пісіруге
ыңғайлы болып табылады. Жақсы нәтижеге бір тағам
дайындау тартпасын пайдалану арқылы қол жеткізесіз.
MULTILEVEL (КӨПДЕҢГЕЙЛІ) режимі
Барлық қыздыру элементтері (үстіңгі, астыңғы және
айналмалы) қосылады және желдеткіш жұмыс істей
бастайды. Пештің қызуы тұрақты болғанда ауа
тағамды біркелкі қызартып пісіреді. Бір уақытта ең
көбі екі тартпаны пайдалануға болады.
ПИЦЦА режимі
Дөңгелек қыздыру элементтері және пештің түбіндегі
элементтер қосылады және желдеткіш жұмыс істей
бастайды. Бұл қосынды, әсіресе астыңғы элементке
байланысты, жоғары мөлшерде жылу шығарып,
пешті жылдам қыздырады. Бір жолда бірден көп
тартпа қолданылатын болса, тағам дайындау үрдісінің
ортасында табақтардың орындарын алмастырыңыз.
GRILL (ГРИЛЬ) режимі
Үстіңгі қыздыру элементі және гриль істігі (бар
болса) іске қосылады. Грильдің жоғарғы және тіке
температурасы қабаттың жоғарғы температурасын
қажет ететін тағамдар үшін ұсынылады. Есігі жабық
пеште ас пісіргенде әрқашан осы режимді қолданыңыз.
FAN GRILLING (ЖЕЛДЕТКІШІ БАР ГРИЛЬ)
режимі
Үстіңгі қыздыру элементі, сондай-ақ, желдеткіш және
гриль істігі (бар болса) іске қосылады. Осы мүмкіндіктердің
жиыны пештегі ауаның күшейтілген айналымы арқылы
қыздыру элементтерінің көмегімен қамтамасыз етілетін
бір бағытқа жылылық бөлінудің тиімділігін арттырады.
Бұл тағамның күйіп кетуін болдырмауға көмектеседі және
жылудың тағамның ішкі жағына енуіне мүмкіндік береді.
Бұл режим пайдаланылғанда пештің есігі әрдайым жабық
тұруы қажет.
Гриль істігі (тек белгілі модельдерде қолданылады)
Гриль істігін іске қосу үшін ((сызбаны қараңыз)
төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
1. Тұтқалы табаны бірінші позицияға орналастырыңыз.
2. Гриль-бар
тірегін 3-позицияға
орналастырып,
істікті пештің артқы
қабырғасындағы тесікке
кіргізіңіз.
3.
немесе
режимін таңдау
мақсатында тұтқаны
пайдаланып, гриль
функциясын қосыңыз.
Тағам дайындау бойынша кеңес
! Желдеткіш көмегімен тағам дайындау барысында
сөрелерді бірінші және бесінші позицияларға
орналастырмаңыз. Шамадан тыс жылу температураға
сезімтал тағамдарды күйдіріп жіберуі мүмкін.
! GRILL (ГРИЛЬ) және GRATIN (ГРАТИН)
режимдерінде тағамның қалдықтарын (май сияқты)
жинау үшін тұтқалы табаны бірінші позицияға
орналастырыңыз.
КӨПДЕҢГЕЙЛІ
• Молырақ жылуды талап ететін тағамды екінші
позициядағы сөреге салып, екінші және төртінші
позицияларды қолданыңыз.
• Тұтқалы табаны астыңғы жаққа, ал тартпаны
үстіңгі жаққа орнатыңыз.
Режимдер