Орнату, Орналастыру – Indesit PIM 604 User Manual

Page 46

Advertising
background image

46

KZ

Орнату

! Жаңа құрылғыны іске қоспас бұрын нұсқаулық

кітапшасын мұқият оқып шығыңыз. Мұнда құрылғыны

қауіпсіз қолдану, орнату және оны күту туралы маңызды

ақпараттар қамтылған.

! Келешекте анықтама ретінде қарау үшін пайдалану

нұсқаулығын сақтап қойыңыз. Оны құрылғының кез

келген жаңа иесіне беріңіз.

Орналастыру

! Орау материалдарын балалардың қолы жетпейтін

жерде сақтаңыз. Тыныс тарылу немесе тұншығып қалу

қаупін туғызуы мүмкін ("Сақтандырулар мен кеңестер"

бөлімін қараңыз).

! Құрылғыны нұсқауларға сәйкес арнайы біліктілігі бар

маман орнатуға тиіс. Құрылғы дұрыс орнатылмаған

жағдайда, адамдар мен жануарлар өміріне қауіп төндіруі

немесе мүлікті зақымдауы мүмкін.

Құрылғыны орнату

Ас үй плитасы биіктігі пісіру панелінің деңгейінен

аспайтын жиһаздың жанында орнатылуы мүмкін.

Плитаны орнатқан кезде төмендегі сақтық шаралар

орындалуы тиіс:

• Құрылғы маңында тұрған және плитаның үстіңгі

жағына қарағанда биік ас үйі шкафтары плитаның

шетінен кем дегенде 600 мм-ге алыс орналасуы тиіс.

• Қалқалар тиісті орнату нұсқаулықтарына сәйкес

және плитадан кем дегенде 650 мм ара қашықтықта

орнатылуы тиіс (суретті қараңыз).

• Қалқаның маңында тұратын қабырғаға ілінетін

шкафтар плитадан кем дегенде 420 мм биіктікте

орналастырылуы тиіс (суретті қараңыз).

Плита қабырғаға ілінетін

шкафтың астында орнатылатын

болса, сол шкаф плитадан кем

дегенде 700 мм ара қашықтықта

орналасуы тиіс .

• Орнату қуысы суретте көрсетілген өлшемдерге

ие болуы тиіс. Үстінің қалыңдығы 20 мен 40 мм

арасындағы шкафтарға плитаны орнатуға мүмкіндік

беретін бекіту ілмектері қамтамасыз етілген. Плита

шкаф үстіне мықтап бекітілгеніне көз жеткізу үшін

барлық ілмектерді пайдалану керек.

555 мм

55 мм

475 мм

600 мм мин.

420 мм мин

.

650 мм мин.

Ілмекті бекіту сызбасы

20

30

Ілмек орны шкаф

Ілмек орны шкаф

үстінің қалыңдығы

үстінің қалыңдығы

H=20мм үшін

H=30мм үшін

Алды

40

Ілмек орны

Арты

үстінің қалыңдығы

H=40 мм үшін

! "Керек-жарақтар" орамасындағы ілмектерді

қолданыңыз.

• Плита ендірілген пеш үстіне орнатылмаған жағдайда,

оқшаулау үшін ағаш тақтаны орнату қажет. Оны

плитаның астыңғы жағынан кем дегенде 20 мм ара

қашықтықта орналастыру керек.

Желдету

Тиісті желдетудің орнатылғанын тексеру үшін шкафтың

артқы қабырғасын алып тастау қажет. Пешті екі ағаш

тақтайға немесе кемінде 45 x 560 мм ашық тұрған тегіс

жерде орналастыру ұсынылады (сызбаны қараңыз).

560 мм

.

45 мм

.

Егер пісіру панелі ешқандай салқындататын желдеткіші

жоқ қосымша берілген духовка шкафының үстіне

орналастырылса ішкі асүй элементінің ішін тиісті түрде

желдету үшін арнайы ауа айналымын реттеу үшін тесік

жасау керек (Сызбаны қара).

60 см

2

360 см

2

120 см

2

180 см

2

Advertising