Electrolux EFC50800X User Manual

Page 67

Advertising
background image

68

тазалағаннан кейін бұл хабарламаны кетіру үшін 2 батырмасын 5
секундтан аса басып тұрыңыз, бұл ретте сорғышыңыз айырылған
күйде болуға тиіс. Батырма басылған кезде дисплейде “А əрпі шығып
5 секундтан кейін жойылады жəне келесі ескерту хабарламаға 40
жұмыс сағатын санау үшін микропроцессор қайтадан қосылады.
- Көмір фильтді ауыстыру индикаторы (егер орнатылса).

Егер сатып алған сорғышыңыз фильтрация тəртібінде жұмыс істесе
демек кухня буларын тазалау үшін көмір фильтрлер пайдаланылады.
Ең алдымен электрондық жүйе микропроцессоры құрылғының
фильтрация тəртібінде жұмыс істейтін тұралы хабар алу керек. Бұны
істеу үшін 4 батырманы 5 секундтай басып тұрыңыз, бұл ретте
сорғышыңыз айырылған күйде болуға тиіс. Батырма басылған кезде,

дисплейде көрсетілген “_” белгісі (демек сорғыш көмір фильтрін
пайдаланбайды) 5 секундтан кейін “C” өзгереді (демек сорғыш көмір
фильтрін пайдаланады). Осы кезден бастап 80 сағат жұмыс істеген
сайын микропроцессор пайдаланылған көмір фильтрін ауыстыру
қажеттілігі туралы дисплейде жыпылықтап тұратын “C” əрпі арқылы
ескертіп тұрады. Бұл жақсырақ соруына жəне қоршаған ортаның
қауіпсіздігіне кепіл беру үшін қажет. Көмір фильтрді ауыстырғаннан
кейін бұл хабарламаны кетіру үшін 3 батырмасын 5 секундтан аса
басып тұрыңыз, бұл ретте сорғышыңыз айырылған күйде болуға
тиіс.

Күтімі
Ескерту! Кез келген тазалау немесе техникалық қызмет ету
операциясын жасаудан бұрын, вилканы шығарып немесе
бөлменің басты ажыратқышын суырып сорғышты электр
желісінен ажыратыңыз.
Сорғыш ішінен жəне сыртынан жиі тазаланып тұруы қажет (кем
дегенде шамамен майды ұстап қалатын фильтрді тазалау мерзіміне
сəйкес). Тазалау үшін бейтарап жуғыш затпен суланған арнайы
шүберекті пайдаланыңыз. Абразиялық қоспасы бар затты
пайдаланбаңыз.
СПИРТТІ ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ!
Ескерту:
Фильтрді ауыстыру жəне аспапты тазалау ережелерінің
сақталынбауы өрттің пайда болуына əкелуі мүмкүн. Сондықтан
берілген нұсқаумен пайдалануға кеңес береміз.
Жоғарыда көрсетілген ескертулерді сақтамағандықтан немесе дұрыс
емес жөндеу салдарынан болған өрт немесе қозғауыштың бүлінуіне
байланысты барлық жауапкершілік алынады.

Майды ұстап қалу фильтрі
8-24-сурет
Фильтрді ай сайын агрессивті емес жуғыш заттармен, қолмен немесе
ыдысжуғыш машинада, төмен температурада, үнемді тазалау
тəртібінде жуу керек.
Ыдысжуғыш машинада жуылған май ұстайтын фильтр түссізденуі
мүмкін, бірақ одан оның сүзгіш қасиеті мүлде өзгеріссіз қалады.

Көмірлі фильтр (тек рецеркуляция тəртібінде)
23 сурет
Көмір фильтрінің қанығуы, асүйдің түрі мен көмір фильтрінің жүйелі
тазаланылуына байланысты ұзақ уақыт қолданғаннан кейін болады.
Қандай жағдай болмасын, картриджді кемінде 4 ай сайын ауыстырып
тұру қажет (немесе фильтрдің қанығу индикатор жүйесі, егер сіздің
моделіңізге орнатылған болса, ауыстырудың қажет екенін көрсеткен
жағдайда).
Жууға немесе қалпына келтіруге БОЛМАЙДЫ.

Лампаны ауыстыру
26 сурет
Аспапты электр жүйесінен өшіріңіз
Ескерту! Лампаны ұстаудан бұрын, олар суығандығына көз жеткізіңіз.
12В -20Вт максималді - G4 тек галогендік лампаларды ғана
қолданыңыз. Лампалардға қолыңызды тигізбеңіз.

Advertising