Indesit WITL-861-(EU) User Manual

Page 87

Advertising
background image

• Машина тоқтап қалған жағдайда, есік үш минуттан соң ғана ашылады. Осы

аралықта есікті ашпаңыз (ал жұмыс істеп тұрғанда мүлдем ашпаңыз): бұл тежеу
механизміне зақым келтіруі мүмкін.

• Ақау болған кез келген жағдайда машинаны жөндеу мақсатында оның ішкі жағына

тиіспеңіз.

• Балалар кір жуғыш машинаға жақындамауын қадағалаңыз.

• Кір жуу кезінде машинаның есігі ысып кетуі мүмкін.

• Егер машинаны жылжыту керек болса, оны екі немесе үш адам болып, болып

жылжытыңыздар. Машинаны жалғыз көтермеңіз – жабдық өтеу ауыр.

• Кір жуғыш машинаға кірді салар алдында, барабанның бос екендігін анықтап

алыңыз.


Қайта өңдеу

• Орам материалын жою: орам материалдарын қайта өңдеу бойынша қолданыстағы

талаптарды сақтаңыз.

• Ескі кір жуғыш машинаны қайта өңдеу: машинаны ескі-құсқы заттарға өткізер

алдында кабелін кесіп, есігін шешіп алыңыз.


Энергияны үнемдеу жəне қоршаған ортаны қорғау

Экологиялық технология
Жаңа Indezit технологиясымен сіз суды екі есеге аз жаратасыз, ал кір жуу нəтижесі екі
есеге артық болады! Міне сондықтан да сіз есіктен суды көре алмайсыз: өйткені су өте аз.
Бұл тазалықты қалай отырып, қоршаған ортаға деген қамқорлық. Бұған қоса сіз
уақытыңызды да үнемдейсіз.

Жуу құралдарын, суды, электр қуатын жəне уақытты үнемдеу

• Ресурстарды үнемдеу үшін кір жуғыш машинаны барынша көп жүктеген жөн.

Барабаны екі орташа жүктелген циклдің орнына жүретін толық жүктеген жағдайда,
бір кір жуу циклі 50% электр қуатын үнемдеуге мүмкіндік береді.

• Алдын ала жуу циклі өте лас кірлерді жууға арналған. Алдын ала жуу циклі кезінде

ұнтақ та, уақыт та, су да жəне электр қуаты да 5-15% көп жұмсалады.

• Егер дақтарды дақ кетіргішпен тазалап алсаңыз немесе кірді алдын ала езіп

қойсаңыз, кірді жоғары температурада жумауға көмектеседі. 60

о

С кір жуу

бағдарламасын 90

о

С орнына немесе 40

о

С-ты 60

о

С орнына пайдалансаңыз, электр

қуатын 50% үнемдейсіз.

• Судың қаттылығына, жуатын кірдің ластығына жəне көлеміне байланысты кір

жуғыш ұнтақты дұрыс мөлшерде салу жуу құралын дұрыс пайдаланбауды жəне
қоршаған ортаны ластауды болдырмайды: дегенмен кір жуу ұнтақтары
биотаратушы болып саналады, олардың құрамында экологияға кері əсер ететін
зиянды заттар бар. Сонымен қатар, мүмкіндігінше шайғыш құралды
пайдаланбауға тырысыңыз.

• Кір жуғыш машинаны таңертең немесе кешке пайдалану арқылы электр желісіне

қысымын азайтасыз.

• Егер кір автоматты кептіргіште кептірілуі тиіс болса, сығудың жоғарғы

жылдамдығын таңдау керек. Автоматты кептіру кезінде белсенді сығу арқылы
уақытты жəне электр қуатын үнемдейсіз.

Advertising