Philips LivingColors Lámpara de mesa User Manual

Page 98

Advertising
background image

98

таңдау түймелерінің бірімен жасауға

болады.Жарық таңдау түймелерінің

бірін басып тұрған кезде, таңдалған

шам жыпылықтай бастайды. Егер бұл

реттелетін шам болмаса, түймені жіберіп,

қайта басыңыз (басқа шам жыпылықтай

бастайды). Шам таңдалғанда, қашықтан

басқару құралындағы жарық таңдау

көрсеткіші (лампа) жанады. Бұл енді тек

таңдалған шамды реттеуге болатынын

білдіреді.

Ешбір жарық таңдалмаса (жарық таңдау

көрсеткіші өшірулі), реттеулердің

барлығы қашықтан басқару құралына

жалғанған бүкіл шамдарға қолданылады

(

мысалы, бөлмедегі барлық шамдарды

күңгірттеуге болады).

Әртүрлі шамдардағы жарық

параметрлерінің белгілі бір біріккен түрі

ұнаса, оны, осы нұсқаулықтың 2-бөлімінде

сипатталған жолмен, реңк ретінде

сақтауға болады.

4. Жиі қойылатын сұрақтар

Мына жағдайларда жасалатын әрекеттер:

LivingColors

шамы жарық шығармай тұр

o

Қуат сымының шамға жалғанғанын

тексеріңіз. Штепсельдік ұштың розеткаға

дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.

o

Қуат сымын ажыратып, қайта жалғаңыз.

Бірнеше түсі ауысып, LivingColors шамы

сөнсе, қайта қосу үшін, қашықтан басқару

құралын пайдаланыңыз.

LivingColors

шамы қашықтан басқару

құралымен басқарылмайды

o

Қашықтан басқару құралының ішіндегі

батареяларды тексеріңіз. Батареялар

дұрыс салынған (+ және -) және

зарядталған болуы керек. Басқару құралы

әлі де жұмыс істемесе, батареяларды

ауыстырып көріңіз.

o

Қашықтан басқару құралын осы

нұсқаулықтың 3.1-бөлімінде түсіндірілген

тәртіп бойынша LivingColors шамына

байланыстырыңыз.

Қашықтан басқару құралын пайдаланған

соң түймелер жыпылықтайды

o

Бұл қашықтан басқару құралындағы

батарея заряды таусылғанын және оны

ауыстыру керек екенін білдіреді.

Түсті автоматты өзгерту режимі

қосылмайды

o

Бұл қашықтан басқару құралы

түс шеңберінің айналу әрекетін

анықтамағанынан болуы мүмкін. Қайта

көріңіз, толық айналым кезінде саусақты

түс шеңберінен алмаңыз

LivingColors

шамын таймерге жалғау

мүмкін бе?

o

Иә. Philips LivingColors шамын таймермен

(

жинаққа кірмейді) пайдалануға болады.

Таймер арқылы іске қосылған LivingColors

шамы соңғы параметрді көрсетеді

(

тұрақты түс немесе түсті автоматты

өзгерту режимі). Соңғы параметрдің

«

Өшірулі» күйінде болмағанын тексеріңіз.

LivingColors

қашықтан басқару құралына

қосымша шамдар жалғанбайды

o

Жалғанудағы өнімде SmartLink логотипі

бар екенін тексеріңіз. Осы қашықтан

басқару құралына тек SmartLink логотипі

бар өнімдер жалғанады.

o

Осы нұсқаулықтың 3-бөлімінде

сипатталған әрекеттерді қайта орындап

көріңіз. Сол жерде аталған сигнал беріліп,

жарықтың жыпылықтағанын тексеріңіз.

Менің сұрағым бұл тізімде жоқ

o

Көмек алу үшін, Philips компаниясына

хабарласыңыз («Қосымша қолдау» атты

5-

бөлімді қараңыз).

5. Қосымша қолдау

Қосымша ақпарат керек болса, сондай-ақ

қиындықтар орын алса,

www.philips.com

мекенжайы бойынша Philips

компаниясының веб-сайтына өтіңіз немесе

Philips

жарық өнімдерінің байланыс орталығына

мына тегін телефон арқылы хабарласыңыз:

00800-PHILIPSL

немесе 00800-74454775

Кепілдік:

Өнім нұсқауларға сай және мақсаты бойынша

қолданылған болса, Philips компаниясының екі

жылдық кепілдігі жарамды болады. Кепілдік

бойынша арыздар тек сатып алынған күні,

сатқан мекеменің аты және өнім сипаттамасын

қамтитын түпнұсқалы сатып алу құжаты

Advertising