Kz рецепт кітабы – Hotpoint Ariston SJ 4010 FSL0 User Manual

Page 53

Advertising
background image

53

it

53

kz

РЕЦЕПТ КІТАБЫ

ЛИМОН ШЫРЫНЫ

4 үлеске арналған ингредиенттер: 3 үлкен лимон, 1 алма, сары түсті қант.

Лимондарды жуыңыз және ұсақ текше күйінде тураңыз. Алманы жуып, қабығын аршыңыз.

Ингредиенттерді өңдеу құрылғысына салып, 1 стақан су құйыңыз. Дайындалған соң, дәм беру үшін

тәттілеңіз. 1 шай қасық ұсақталған мұзбен үлестіріңіз.

ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ КОКТЕЙЛІ

4 үлеске арналған ингредиенттер: 1 қарбыз (1 кг), таза насыбайгүл, арақ.

Қарбыздың қабығын және дәндерін алып тастаңыз және ұсақ текшелер күйінде тураңыз. 1 бір уыс

насыбайгүл жапырағын жұлып алып, жуыңыз. Қарбызды және насыбайгүлді өңдеу құрылғысына

салып, шырынын сығыңыз. Шырынды 4 шай қасық арақпен және езілген мұзбен шайқаңыз, 4 стақанға

құйып, бірнеше насыбайгүл жапырағымен әшекейлеп үлестіріңіз.

ҚАРАЖИДЕК ДЕСЕРТІ

4 үлеске арналған ингредиенттер: 1 кг қаражидек, 500 г көпіршітілген крем, 70 г қант ұнтағы.

Қаражидекті жуып, кептіріңіз, одан кейін шырынын алу үшін өңдеу құрылғысына салыңыз.

Көпіршітілген кремді, қаражидек шырынын және 50 г қант ұнтағын қосыңыз да, араласқанға дейін

ақырындап бұлғаңыз. Қаражидек қойыртпасын қалған қантпен араластырыңыз және қоспаны 4

стақанға құйыңыз. Үстіне көпіршітілген крем және қаражидек шырыны қоспасын құйып, үлестіруге

дайын болғанға дейін тоңазытқышта сақтаңыз.

АЛМА ЖӘНЕ ТӘТТІ АСКӨК ҚОСЫЛҒАН ГАСПАЧО

4 үлеске арналған ингредиенттер: 3 алма, 4 тәтті аскөк, 1 лайм, таңқурай сірке суы, жаңғақ майы, тұз.

Лаймды, алманы және тәтті аскөкті жуып, тураңыз. Шырынын сығу үшін оларды өңдеу құрылғысына

салыңыз. Шырынды 4 шай қасығы жаңғақ майымен және 1 салым тұзбен бұұлғауышпен

араластырыңыз. 4 стақанға құйып үлестіріңіз, бірнеше алма тілімдерімен әшекейлеңіз.

ЖАСЫЛ ШЫРЫН

4 үлеске арналған ингредиенттер: 1 қияр, 2 аскөк, 1 балдыркөк сабы, 2 сәбіз, шағын саумалдық,

ақжелкен, 1 алма, 5 г таза жанжабіл.

Қиярды, аскөкті, балдыркөкті, сәбіздерді және алманы жуып, қабығын аршып, тураңыз. Жанжабіл

тамырын аршыңыз. Жуыңыз және 1 уыс ақжелкен жапырағын және 1 уыс шағын саумалдық алыңыз.

Көкөністердің шырынын алу үшін шағын бөліктермен өңдеңіз. Араластырыңыз және дереу үлестіріңіз.

Advertising
This manual is related to the following products: