Техникалық күтім және қызмет – Bosch PST 900 PEL User Manual

Page 57

Advertising
background image

Қaзақша | 57

Bosch Power Tools

1 609 92A 06P | (9.4.13)

Қажетті жүрістер саны дайындама және жұмыс
жағдайларына байланысты болуы мүмкін.

Ара полотносын дайындамаға қоюда және пластмасса,
алюминийді аралау кезінде жүрістер санын азайтқан
дұрыс.

Аз жүрістер санында ұзақ уақыт электр құралды пайдалану
оның қатты қызуын тудыруы мүмкін. Ара полотносын алып
тастап электр құралын аз суыту үшін оны шамамен 3 минут
максималды жүрістер санында істетіңіз.

Пайдалану нұсқаулары

Барлық жұмыстардан алдын электр құралының

желілік айырын розеткадан шығарыңыз.

Кіші немесе жіңішке дайындамаларды өңдеуде

әрдайым қозғалмайтын төсем немесе аралау
құрылғысын (Bosch PLS 300) пайдаланыңыз.

Оптималды және нақты аралау нәтижесіне жету үшін қатты
басып аралаңыз.

Қалын ағашта (>40 мм) ұзын және тура кесіктерді
аралауда аралау сызығы тура болмауы мүмкін. Дұрыс
кесіктер үшін бұл жағдайда Bosch дөңгелек арасын
пайдалану ұсынылады.

Қол арасы (I суретін қараңыз)
Қол арасымен тек ағаш, гипсокартон және т.б.

сияқты жұмсақ материалдарды өңдеу қажет!

Қол ара үшін тек қысқа ара полотноларын пайдаланыңыз.
Қол арасымен аралауды тек 0° бұрышында орындау
қажет.

Электр құралын тіреу тақтасының 7 алғы шетімен
дайындамаға салып ара полотносын 19 дайындамаға
тигізбей электр құралды қосыңыз. Жүрісі басқарылатын
электр құралдарында максималды жүріс санын таңдаңыз.
Электр құралын дайындамаға басып ара полотносын
ақырын кіргізіңіз.

Тіреу тақтасы 7 толық бетімен дайындамада жатқанда
қажетті аралау сызығымен аралаңыз.

Дөңгелекті аралау құрылғысы бар бағыттаушы
тақтайша (керек-жарақтар)
Дөңгелекті аралау құрылғысы бар бағыттаушы тақтайшада
26 (жабдықтар) істеу үшін дайындама қалындығы
максималды 30 мм болуы қажет.

„Cut Control“ 13 табанын тіреу тақтасынан 7 алып
қойыңыз. Табанды жай қысып бағыттаушынан 23
шығарыңыз.

PST 1000 PEL: Сырғақты 11 пайдалануда „Cut Control“ 12
терезесі сырғақ алдында қысылуы мүмкін. Бұл алдымен
қисық аралауда ( „Қисық аралауда кесік бақылау“, 56
бетінде қараңыз) қажетті аралау сызығын нақты реттеуді
оңайлатады.

Қатар аралау (J суретін қараңыз): Бекіту бұрандасын 27
босатып бағыттаушы тақтайша шкаласын тіреу тақтасының
бағыттауышында 23 жылжытыңыз. Қажетті аралау енін

тіреу тақтасының ішкі шетінде шкала көлемі нетінде
реттеңіз. Бекіту бұрандасын 27 бұрап бекітіңіз.
Дөңгелекті кесік (K суретін қараңыз): Аралайтын
дөңгелек ішінде аралау сызығында ара полотносын өткізу
үшін жетерлік тесік бұрғылаңыз. Тесікті фреза немесе
егеумен өңдеңіз, былай ара полотносы аралау сызығына
дұрыс жатады. Бекіту бұрандасын 27 бағыттаушы
тақтайшаның басқа жағына орнатыңыз. Бағыттаушы
тақтайша шкаласын 23 тіреу тақтасының бағыттауышынан
өткізіңіз. Дайындамада араланатын ойықтың ортасында
тесік бұрғылаңыз. Орталықтау үшін 28 бағыттаушы
тақтайшаның ішкі ойығынан өткізіп бұрандалған тесікке
салыңыз. Қажетті радиусты тіреу тақтасының ішкі шетінде
шкала көлемі ретінде реттеңіз. Бекіту бұрандасын 27
бұрап бекітіңіз.

Суытқыш/Майлау заттары
Металды аралау кезінде материал қызуы себебінен аралау
сызығында суытқыш немесе майлау затын жағу керек.

Техникалық күтім және қызмет

Қызмет көрсету және тазалау

Барлық жұмыстардан алдын электр құралының

желілік айырын розеткадан шығарыңыз.

Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен

желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.

Ара полотносының бекіткішін жүйелі түрде тазалаңыз. Ол
үшін ара полотносын электр құралынан алып электр
құралын тегіс жерге жай қағыңыз.

Электр құралының ластануы ақаулар тудыруы мүмкін. Ол
үшін шаңды материалдарды бас үстінде немесе астында
араламаңыз.
Төтенше жұмыс жағдайында мүмкін болғанша

шаңсорғышты пайдаланыңыз. Желдеткіш тесікті
жиі үрлеп тазартып артық тоқтан сақтайтын
қосқышты қосыңыз.
Металды өңдеуде тоқ өткізетін
шаң электр құралының ішінде жиналуы мүмкін. Электр
құралының оқшаулануы зақымдалуы мүмкін.

Бағыттаушы дөңгелекті 18 майлаңыз.
Бағыттаушы дөңгелекті 18 жүйелі түрде тексеріңіз. Тозған
бөлшек Bosch сервис орталығында алмастырылуы қажет.

Жасап шығару және бақылау әдістерінің мұқияттылығына
қарамастан электр құрал жұмыс істемесе, Bosch электр
құралдарының өкілетті сервистік орталықтарының
біреуінде жөндеу өткізу керек.

Барлық сұраулар мен қосалқы бөлшектерге тапсырыс
беру кезінде міндетті түрде электр құрал зауыттық
тақтайшасындағы 10-орынды өнім нөмірін жазыңыз.

Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері

Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com

1 –2:

төмен жүріс саны

3 –4:

орташа жүріс саны

5 –6:

жоғары жүріс саныl

OBJ_BUCH-1098-003.book Page 57 Tuesday, April 9, 2013 9:34 AM

Advertising