Пайдалану, Техникалық күтім және қызмет – Bosch GBM 32-4 Professional User Manual

Page 91

Advertising
background image

Қaзақша | 91

Bosch Power Tools

1 609 92A 06C | (7.3.13)

– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану

ұсынылады.

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.

Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.

Шаң оңай тұтануы мүмкін.

Пайдалану

Пайдалануға ендіру

Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты

электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.

Берілістің механикалы таңдалуы
Беріліс ауыстырып-қосқышын 3 тек электр құралы

тоқтағаннан соң пайдаланыңыз.

Беріліс ауыстырып-қосқышынында 3 4 айналымдар
сандарының көлемін таңдау мүмкін. Беріліс ауыстырып-
қосқышын 3 төмен басып, қосу схемасы бойынша оны
жылжытып әрбір соңғы күйінде бекітіңіз.

Беріліс ауыстырып-қосқышы 3 тірелгенше жылжымаса,
редуктор шпинделін бұрғы менен айналдырыңыз.

Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті 7 басып
тұрыңыз.

Басылған қосқыш/өшіргішті 7 құлыптау үшін құлыптау
пернесін 6 басыңыз.

Электр құралын

өшіру үшін, қосқыш/өшіргішті 7 жіберіңіз

немесе құлыптау пернесімен 6 құлыптанған болса,
қосқыш/өшіргішті 7 қысқа уақыт басып жіберіңіз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.

Пайдалану нұсқаулары

Суыту және майлау үшін бұрғылау эмульсиясын немесе
суыту майын пайдаланып бұрғының қызып кетуіне немесе
қысылуына жол бермейсіз.

Бұрғылау диаметрі > 10 мм болса кіші бұрғылау
диаметрімен алдымен бұрғылаңыз. Осылай басуды
кішірейтіп, электр құралын аз жүктейсіз.

Металда тесіктер жасау үшін жоғары сапалы, тез кесетін
болаттан жасалған мүлтіксіз, өткірленген бұрғыларды
пайдаланыңыз. Тиісті сапаға Bosch керек-жарақтары
бағдарламасы кепілдік береді.

Керек-жарақ ретінде берілетін қысқыш аспапты бекем
бекітуге көмектеседі. Ол аспаптың бұралуына және
жарақаттарға жол бермейді.

Техникалық күтім және қызмет

Қызмет көрсету және тазалау

Барлық жұмыстардан алдын электр құралының

желілік айырын розеткадан шығарыңыз.

Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен

желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.

Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды
тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының
авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету
орталықтарында орындаңыз.

Жасап шығару және бақылау әдістерінің мұқияттылығына
қарамастан электр құрал жұмыс істемесе, Bosch электр
құралдарының өкілетті сервистік орталықтарының
біреуінде жөндеу өткізу керек.

Барлық сұраулар мен қосалқы бөлшектерге тапсырыс
беру кезінде міндетті түрде электр құрал зауыттық
тақтайшасындағы 10-орынды өнім нөмірін жазыңыз.

Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері

Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға
тиянақты жауап береді.

Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек „Роберт Бош“
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады.

Беріліс I:
Төмен айналымдар саны; үлкен
бұрғылау диаметрімен жұмыс істеу
үшін.

Беріліс II:
Орташа айналымдар саны.

Беріліс III:
Орташа айналымдар саны.

Беріліс IV:
Жоғары айналымдар саны; кіші
бұрғылау диаметрімен жұмыс істеу
үшін.

OBJ_BUCH-506-003.book Page 91 Thursday, March 7, 2013 11:33 AM

Advertising