Техникалық күтім және қызмет – Bosch GBH 36 V-LI Compact Professional User Manual

Page 150

Advertising
background image

150 | Қaзақша

1 619 92A 05W | (15.3.13)

Bosch Power Tools

– Дірілдеу тұншықтыруын оптималды пайдалану үшін

электр құралының тұтқасын жоғары жағынан ұстаңыз.

Бұранда ұштықтарын орнату (J суретін қараңыз)
Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген

күйде салыңыз. Айналатын алмалы-салмалы аспаптар
түсіп кетуі мүмкін.

Бұранда ұштықтарын пайдалану үшін әмбебап ұстағыш

27

SDS-plus-аспап патронымен (керек-жабдықтар) керек
болады.

– Тұтқаның салынатын ұшын тазалап, аздап майлаңыз.
– Айналмалы әмбебап ұстағышты құралды бекіту орнына

автоматты түрде бекітілгенше салыңыз.

– Әмбебап ұстағышты тартып, бекітілуді тексеріңіз.
– Ұстағышқа шуруптарды бұрап бекіту битасын салыңыз.

Тек шуруп басына жарайтын қондырма биталарды
пайдаланыңыз.

– Әмбебап ұстағышты алу үшін бекіту төлкесін 4 артқа

жылжытыңыз және әмбебап ұстағышты 27 құралды
бекіту орнынан шығарыңыз.

Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және судан қорғаңыз.

Аккумуляторды тек 0 °C - 50 °C температура ауқымында
сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз.

Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және құрғақ
щеткамен мұқият тазалаңыз.

Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.

Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.

Техникалық күтім және қызмет

Қызмет көрсету және тазалау

Аккумуляторды электр құралмен кез келген

жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.

Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен

желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.

Зақымдалған шаңнан сақтайтын бұқтырма бірден

алмастырылуы қажет. Оны қызмет көрсету
шеберханасында орындау ұсынылады.

– Құралды бекіту орнын 2 әр пайдаланудан кейін

тазалаңыз.

Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері

Барлық сұраулар мен қосалқы бөлшектерге тапсырыс
беру кезінде міндетті түрде электр құрал зауыттық
тақтайшасындағы 10-орынды өнім нөмірін жазыңыз.

Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға
тиянақты жауап береді.

Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек „Роберт Бош“
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану
қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді
заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық
тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.

Қазақстан
ЖШС „Роберт Бош“
Электр құралдарына қызмет көрсету орталығы
Алматы қаласы
Қазақстан
050050
Райымбек данғылы
Коммунальная көшесінің бұрышы, 169/1
Тел.: +7 (727) 232 37 07
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: [email protected]
Ресми сайты: www.bosch.kz; www.bosch-pt.kz

Тасымалдау

Бұл литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға
қойылатын талаптарға сай болуы керек. Пайдаланушы
аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз
тасымалдай алады.
Үшінші тұлғалар (мысалы, әуе көлігі немесе жіберу)
орамаға және маркаларға қойылатын арнайы талаптарды
сақтау керек. Жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктер
маманына хабарласу керек.

Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана
жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және
аккумуляторды орамада қозғалмайтындай ораңыз.
Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз.

Кәдеге жарату

Электр құралдарды, аккумуляторларды, керек-
жарақтарды және орау материалдарын
экологиялық тұрғыдан дұрыс утилизациялауға
тапсыру керек.

Электр құралдарды және
аккумуляторларды/батареяларды үй қоқысына
тастамаңыз!

OBJ_BUCH-518-007.book Page 150 Friday, March 15, 2013 4:44 PM

Advertising