Қазақ – MAXWELL MW-3021 VT User Manual

Page 18

Advertising
background image

18

ҚазаҚ

• Үтікті балаларға ойыншық ретінде

пайдалануғк рұқсат етпеңіз.

• Үтікті балалардың және мүмкіндіктері

шектеулі адамдардың қолы жетпейтін жерде

сақтаңыз. Оларға құрылғыны қараусыз

пайдалануға рұқсат етпеңіз.

• Берілген құрылғы балалардың неме-

се мүмкіндікдері шектеулі адамдардың

қолдануына, егер оларға құрылғыны

қауіпсіз пайдалану және олардың

қауіпсіздігі үшін жауап беретін тұлғамен

оны дұрыс пайдаланбаған кездегі пайда

бола алатын қауіптер туралы оларға

түсінікті нұсқаулықтар берілген болмаса

арналмаған.

• Үтікті тік күйінде құрғақ, салқын, балалардың

қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

ҮТІК ТЕК ҮЙДЕ ПАЙДАЛАНУҒА ҒАНА

АРНАЛҒАН.

алғашқы пайдалану алдында

• Үтікті қабынан шығарыңыз, табанында (14)

қорғаныс болған кезде оны алып тастаңыз.

• Желідегі кернеудің үтіктің жұмыс кернеуіне

сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.

Ескерту

Бірінші қосқан кезде үтіктің қыздыратын

элементі күйеді, сондықтан аз көлемдегі

түтіннің немесе бөтен иістің пайда

болуы – бұл қалыпты құбылыс.

Суды таңдау

Сауытты толтыру үшін құбырдағы суды

пайдалануға болады.

Егер құбырдағы су қатты болса, оны 1:1

қатынасында дистильденген сумен араластыру

ұсынылады, өте қатты су болған жағдайда

оны 1:2 қатынасында дистильденген сумен

араластырыңыз немесе тек дистильденген

суды пайдалаңыз.

Суға арналған сауытты толтыру

Суды үтікке құю алдында, оның желіден

ажыратылғанына көз жткізіңіз.

• Температура реттегішін (11) «MIN» күйіне,

ал тұрақты бу беру реттегішін (4) «0» күйіне

орнатыңыз.

• Құю саңылауының қақпағын (2) ашыңыз.

• Суды құюға арналған ыдысты (15) пайда-

ланып, суды құйыңыз, қақпақты (2) тығыз

жабыңыз.

Суды MAX белгісінен жоғары толтырмаңыз.

Егер үтіктеу кезінде суды толтыру қажет

болса, онда үтікті сөндіріңіз және желілік

айыр тетікті ашалықтан ажыратыңыз және

суды құйыңыз.

Үтіктеп болғаннан кейін үтікті сөндіріңіз,

оның толық салқындауын күтіңіз, одан кейін

құятын саңылаудың қақпағын (2) ашыңыз,

үтікті төңкеріңіз және қалған суды төгіңіз.

Үтіктеу температурасы

Қолдану алдында, үтіктің табаны (14) және

суға арналған сауыт (13) таза екеніне көз

жеткізу үшін қызған үтікті матаның кішкентай

бөлігінде тексеріңіз.

• Әрқашан үтіктеу алдында үтіктеудің

ұсынылған температурасы көрсетілген

бұйымның жапсырмасын қараңыз.

• Егер үтіктеу бойынша нұсқаулары бар жап-

сырма болмаса, бірақ сіз матаның түрін

білсеңіз, онда үтіктеу температурасын

таңдау үшін кестеге қараңыз.

Белгілеулер Матаның түрі (температура)

Синтетика, нейлон, акрил, полиэстер

(төмен температура)

••

Жібек/жүн (орташа температура)

•••

(max)

Мақта/зығыр (жоғары температура)

• Кесте тек біртегіс маталарға қолданылады.

Егер мата басқа түрлі болса (бүктелген,

бедерлі және т.с.с.), онда оны төмен темпе-

ратурада үтіктеген дұрыс болады.

• Әуелі заттарды үтіктеу темперетурасы бойын-

ша сұрыптаңыз: синтетиканы – синтетикаға,

жүнді – жүнге, мақтаны – мақтаға және т.с.с.

• Үтік салқындауға қарағанда тезірек

қызады. Сондықтан әуелі төмен темпера-

тура кезінде үтіктеу ұсынылады (мысалы,

синтетикалық маталар).

• Содан кейін анағұрлым жоғары темпера-

тура кезіндегі үтіктеуге көшіңіз (жібек, жүн).

Мақтадан немесе зығырдан жасалған зат-

тарды соңында үтіктеңіз.

MW-3021.indd 18

11.09.2012 14:13:30

Advertising