Қауіпсіздік жөніндегі маңызды нұсқаулар, Абай болыңыз – LG V-C9551WNT User Manual

Page 11

Advertising
background image

11

• Саңылаулардың ішіне ешқандай бөгде заттарды

салмаңыз.

Бұл нұсқауды орындамасаңыз, құрылғыға зақым келуі

мүмкін.

• Құрылғының саңылауы бұғаттаулы тұрғанда оны

пайдаланбаңыз: саңылауларды шаңнан, жүн-

жұрқадан, қыл-қыбырдан және ауаның өтуін

азайтатын кез келген заттан таза ұстаңыз.

Бұл нұсқауды орындамасаңыз, құрылғыға зақым келуі

мүмкін.

• Шаңсорғыштың шаңтұтқыш сауыты және/немесе

сүзгілері орнында болмаса, оны пайдаланбаңыз.

Бұл нұсқауды орындамасаңыз, құрылғыға зақым келуі

мүмкін.

• Кілем тазартқыштарды немесе ауа тазартқыштарды,

ұнтақтар мен ұсақ шаңды сорғызғаннан кейін шаң

жинағыш науаны әрдайым тазалаңыз.

Мұндай заттар сүзгілерді бітеп, ауа өтуін азайтады,

және шаңсорғыштың бұзылуына себеп болуы мүмкін.

Шаң жинағыш науаны тазаламаса, бұл құрылғыға

қайтып қалпына келмейтіндей зақым келтiруi мүмкiн.

• Шаңсорғышты өткір әрі қатты заттарды, кішкентай

ойыншықтарды, түйреуіштерді, қағаз

қыстырғыштарды т.с.с. жинау үшін пайдаланбаңыз.

Бұл шаңсорғышқа немесе шаң жинағыш науаға зақым

келтіруі мүмкін.

• Шаңсорғышты үйдің ішінде сақтаңыз.

Шаңсорғышқа сүрінбеу үшін оны пайдаланғаннан

кейін жинап қойыңыз.

• Шаңсорғыш ересектердің бақылауынсыз жас

балалардың немесе мүгедек адамдардың

пайдалануына арналмаған.

Бұл нұсқауды орындамасаңыз, адамды жарақаттауы

немесе құрылғыға зақым келуі мүмкін.

• Тек LG Electronics компаниясының техникалық

қызмет көрсететін өкілдері ұсынған бөлшектерді

ғана пайдаланыңыз.

Бұл нұсқауды орындамасаңыз, құрылғыға зақым келуі

мүмкін.

• Тек осы нұсқаулықта көрсетілген жолмен

пайдаланыңыз. Тек LG компаниясы ұсынған немесе

рұқсат еткен бөлшектер мен керек-жарақтарды

ғана пайдаланыңыз.

Бұл нұсқауды орындамасаңыз, адамды жарақаттауы

немесе құрылғыға зақым келуі мүмкін.

• Басқыштарды тазалаған кезде жарақаттанбас үшін

және құрылғыны төменге құлатып алмас үшін оны

әрдайым сатының төменгі жағына қойыңыз.

Бұл нұсқауды орындамасаңыз, адамды жарақаттауы

немесе құрылғыға зақым келуі мүмкін.

• Диван режимінде қосымша қондырмаларды

пайдаланыңыз.

Бұл нұсқауды орындамасаңыз, құрылғыға зақым келуі

мүмкін.

• Шаңсорғышты жылжытқан кезде оның сауытының

тұтқасынан ұстамаңыз.

Шаңсорғыштың сауыты мен корпусын бөлген кезде

корпусы құлап кетуі мүмкін. Бұл адамды жарақаттауы

немесе құрылғыны зақымдауы мүмкін. Шаңсорғышты

жылжытқан кезде оның тасуға арналған тұтқасынан

ұстау керек.

• Егер шаң тұтқыш сауытты босатқаннан кейін индикатор

қосулы (қызыл шам) болса, шаң тұтқышты тазалаңыз.

Бұл нұсқауды орындамасаңыз, құрылғыға зақым келуі

мүмкін.

• Сүзгілерді (күйе сүзгісі мен қозғалтқыштың

сақтандырғыш сүзгісі) құрылғыға салмас бұрын

олардың толық құрғағанына көз жеткізіңіз.

Бұл нұсқауды орындамасаңыз, құрылғыға зақым келуі

мүмкін.

• Сүзгіні қыздырма пеште немесе микротолқынды

пеште құрғатпаңыз.

Олай етсеңіз адамды жарақаттауы мүмкін.

• Сүзгіні киім кептіретін машинада құрғатпаңыз.

Олай етсеңіз адамды жарақаттауы мүмкін.

• Ашық жанған оттың қасында құрғатпаңыз.

Олай етсеңіз адамды жарақаттауы мүмкін.

• Шаңсорғышты цемент ұнтағын сору үшін

пайдаланбаңыз.

• Егер қуат көзі сымы бүлінген болса, қатерден

сақтану үшін оны LG Electronics техникалық қызмет

көрсетуші агенті ауыстыруға тиіс.

• Дене, сезім не ақыл-ой мүмкіндіктері шектеулі немесе

тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның

ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауапкершілік

көтеретін адам осы құрылғыны пайдалануға қатысты

оларды қадағаламаса немесе нұсқау бермесе, бұл

құрылғыны олардың қолдануына болмайды.

Балалар осы аспаппен ойнамауы үшін оларды

қадағалап жүру керек.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

Жылудан қорғау құрылғысы :

Осы шаңсорғышта орнатылған арнайы термостат оны қозғалтқыш қатты қызып кеткен жағдайда

қорғайды.

Егер шаңсорғыш кенеттен сөніп қалса, қосқышты ажыратыңыз да, шаңсорғышты токтан суырыңыз.

Шаңсорғышта Шаңтұтқыш сауыттың толып кетуі, шлангының бітелуі немесе сүзгінің кептелуі сияқты

қызып кетудің ықтимал себептері бар-жоғын тексеріңіз.

Егер мұндай жағдайлар анықталса, оларды жөндеңіз де, шаңсорғышты пайдаланбас бұрын кем дегенде

30 минут күте тұрыңыз.

30 минут өткеннен кейін шаңсорғышты ток көзіне жалғап, қосқышты іске қосыңыз.

Егер шаңсорғыш әлі де жұмыс істемей тұрса, білікті электрші маманға хабарласыңыз.

ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР

Advertising