Қауіпсіздік туралы ақпарат, Тасымалдау және орнатуға қатысты қатаң ескертулер, Орнатуға қатысты қатаң ескертулер – Samsung RL23THCTS User Manual

Page 118

Advertising
background image

4_

қауіпсіздік туралы ақпарат

қауіпсіздік туралы ақпарат

ТАсЫМАЛДАУ ЖӘНЕ ОРНАТУҒА ҚАТЫсТЫ ҚАТАҢ

ЕсКЕРТУЛЕР

• Құрылғыны тасымалдау мен орнату барысында, тоңазытқыш жүйенің ешбір

бөлігіне нұқсан келмес үшін өте абайлау керек.

- Тоңазытқыш сұйық түтіктерден атқыласа, тұтануы немесе көзге зақым

келтіруі мүмкін.

Егер сұйық аққанын байқасаңыз, ашық от көзінен немесе басқа да тұтандыруы

мүмкін заттардан алыс ұстаңыз да, құрылғы тұрған бөлмені бірнеше минут

желдетіңіз.

• Тоңазытқыш сұйық аққан жағдайда газ бен ауа аралас тұтанғыш қоспа пайда

болмас үшін, құрылғы тұратын бөлменің кеңдігі, тоңазытқыш сұйықтың

мөлшеріне байланысты анықталады.

• Қандай да бір жері бүлінген құрылғыны ешқашан іске қоспаңыз. Егер

күмәндансаңыз, дилерге хабарласып кеңес алыңыз. Тоңазытқыш орнатылатын

бөлменің мөлшері, құрылғының ішіндегі R600a тоңазытқыш сұйығының, әр

8грамына 1м³ келуге тиіс. Құрылғыңыздағы тоңазытқыш сұйықтың мөлшері,

құрылғының ішіндегі техникалық параметр тақтайшасында көрсетілген.

ОРНАТУҒА ҚАТЫсТЫ ҚАТАҢ ЕсКЕРТУЛЕР

• Құрылғыны ылғал жерге немесе құрылғыға су тиіп кетуі мүмкін жерге

орнатпаңыз.

- Электр бөлшектерінің қаптамасына нұқсан келсе, электр қатері пайда болуы

немесе өрт шығуы мүмкін.

• Бұл тоңазытқышты күн сәулесі тура түсетін жерге не пештің, бөлме

қыздырғыштың немесе басқа құрылғылардың қызуына тақатып қоймаңыз.

• Бірнеше ағытпасы бар розеткаға бірнеше құрылғыны қатар жалғамаңыз.

Тоңазытқышты әрқашан тек өзіне арналған, кернеуі құрылғының кернеуіне сай

келетін жеке розеткаға жалғау керек.

- Бұлай істегенде құрылғы тамаша жұмыс істейді және үйдегі электр желісінің

жүктемесінің шамадан тыс артуына, нәтижесінде сымдар қызып өрт шығу

қатерінің орын алуына жол бермейді.

• Босап тұрған розеткаға ашаны сұқпаңыз.

- Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

• Жарылып қалған немесе ұзына бойына нұқсан келген, немесе ұшы бүлінген

сымдарды қолданбаңыз.

• Қорек сымдарын қатты майыстырмаңыз немесе үстіне ауыр зат қоймаңыз.

• Тоңазытқышты ешқашан қорек сымынан тартып суырмаңыз. Әрқашан

ашасынан мықтап ұстап, розеткадан тартып суырып алыңыз.

- Қорек сымына зақым келсе, қысқа тұйықталу, өрт және/не электр қатері орын

алуы мүмкін.

• Тоңазытқыш қасында аэрозольдарды қолданбаңыз.

- Тоңазытқыш қасында қолданылған аэрозольдар жарылыс немесе өрт шығуға

себеп болуы мүмкін.

ЕсКЕРТУ

ЕсКЕРТУ

DA99-03236J(KAZ-5).indd 4

2010.6.15 5:40:36 PM

Advertising
This manual is related to the following products: