Тоңазытқыш параметрлерін орнату, Қуатты үнемдеу туралы кеңес – Samsung RL23THCTS User Manual

Page 134

Advertising
background image

20_

параметрлерді орнату

тоңазытқыш

параметрлерін орнату

ТОҢАЗЫТҚЫШ пАРАМЕТРЛЕРІН ОРНАТУ

Жаңа тоңазытқышыңызды орнына қойып болғаннан кейін, құрылғыңыздың параметрлерін

орнатып, мүмкіндіктері мен функцияларын рахаттана қолдануыңызға болады.

Төмендегі қадамдарды орындағаннан кейін тоңазытқыш жұмыс істеуге дайын.

Жұмыс істемесе, алдымен электр қуатының бар-жоғын тексеріңіз не осы нұсқаулықтың

артындағы ақаулықты түзету тарауын қараңыз. Басқа сұрағыңыз бар болса, Samsung

Electronics қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

1. Тоңазытқышты тоңазытқыш пен қабырғаның арасына жеткілікті орын

қалдыра отырып орнатыңыз. Осы нұсқаулықтағы орнату бойынша

нұсқауларды қараңыз. (11-ші бетті қараңыз)

2. Тоңазытқышты тоққа қосқаннан кейін, есіктерді ашқан кезде ішкі шамның

жанатынын тексеріңіз.

3. Температура тетігін ең суық температураға қойып, бір сағат күтіңіз.

Тоңазытқыш сәл суып, мотор ақырын жұмыс істейді.

4. Тоңазытқышты тоққа қосқаннан кейін, белгілі бір температураға жеткенше

бірнеше сағат кетеді. Тоңазытқышта жеткілікті суық температура қалыптасқаннан

кейін, оған тағамдарды және сусындарды салып сақтауыңызға болады.

Қуатты үнемдеу туралы кеңес

- Құрылғыны салқын, құрғақ, жеткілікті түрде желдетілетін жерге орнатыңыз.

Оны күн сәулесі тура түсетін жерден және қызу көздерінен (мысалы, батарея) алыс қойыңыз.

- Құрылғының саңылаулары мен торкөздерін ешқашан бітемеңіз.

- Жылы тағамды тоңазытқыш ішіне қояр алдында салқындатыңыз.

- Мұздатылған тағамды тоңазытқышқа қойып жібітіңіз.

Содан кейін мұздатылған тағамдардың төмен температурасын, тоңазытқыштағы тағамды

салқындату үшін қолдана аласыз.

- Тоңазытқыштың ішіне тағам салып немесе одан тағамды алып жатқан кезде есігін ұзақ уақыт

ашпаңыз.

Есікті неғұрлым аз ашсаңыз, мұздатқыш бөлік ішіне соғұрлым аз мұз қатады.

- Тоңазытқыштың арт жағын уақытылы тазалап отырыңыз. Шаң қуаттың көп шығындалуына

алып келеді.

- Қажетті температурадан артық суық температураны таңдамаңыз.

- Тоңазытқыштың табаны мен артқы қабырғасынан ауа жеткілікті түрде шығуын қамтамасыз етіңіз.

Ауа шығатын саңылауларды бітемеңіз.

- Орнатқан кезде оң жағы мен сол жағынан, арты мен үстіңгі жағынан бос орын қалдырыңыз.

Бұл қуатты аз жұмсап, электр қуаты төлемдерін азайтуға көмектеседі.

DA99-03236J(KAZ-5).indd 20

2010.6.15 5:40:48 PM

Advertising
This manual is related to the following products: