Samsung BD-D5300 User Manual

Page 141

Advertising
background image

Қазақша

5

02
Қауіпсіздік ақпараты

жерге апарса, істеп тұрған бөліктері мен

линзаның беті ылғалданып, диск қалыпты

ойнатылмауы мүмкін. Мұндай жағдайда,

ойнатқышты розеткадан ажыратып, екі

сағат күтіңіз де, штепсельдік ұшты розеткаға

қосыңыз. Одан кейін, дискіні салып, қайта

ойнатып көріңіз.

Қолдануға қатысты ескертулер

• Дискінің сыртқы бетіне қаламсаппен немесе

қарындашпен жазу жазбаңыз.

• Жазуды өшіруге арналған спрейлерді немесе

антистатикалық спрейлерді қолданбаңыз.

Сонымен қатар, бензол немесе бояу еріткіші

сияқты ұшпа химиялық заттарды қолданбаңыз.

• Дискінің бетіне жапсырма қағаз бен стикерлерді

жапсырмаңыз. (Жапсырма таспаның немесе

стикерлердің желімі қалған дискілерді пайдаланбаңыз.)

• Сызылып қалудан қорғайтын заттар немесе

жабындарды қолданбаңыз.

• Қолданыстағы жапсырма қағаз басатын

принтерлермен басылған дискілерді пайдаланбаңыз.

• Сызылған немесе зақымдалған дискілерді

салмаңыз.

• Бұл ойнатқышқа басқа құрамдастар бөліктерді

жалғамас бұрын олардың өшірілгенін

тексеріңіз.

• Диск ойнатылып жатқанда, ойнатқышты

жылжытпаңыз. Диск сызылуы немесе

зақымдануы мүмкін, сондай-ақ ойнатқыштың

ішкі бөліктерді де зақымдануы мүмкін.

• Ойнатқыштың үстіне су толтырылған гүл

құмырасын немесе кез келген ұсақ темір

заттар қоймаңыз.

• Диск ұясына қолыңызды сұқпаңыз.

• Диск ұясына дискіден басқа заттар салмаңыз.

• Найзағай және статикалық электр қуаты

сияқты сыртқы жабдықтардан пайда болатын

кедергілер осы ойнатқыштың қалыпты

жұмысына әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдай

туындаса, POWER түймесі арқылы ойнатқышты

өшіріп, қайта қосыңыз немесе ауыспалы ток

сымын розеткадан ажыратып, қайта жалғаңыз.

Ойнатқыш қалыпты жұмыс істейтін болады.

• Пайдаланғаннан кейін дискінің шығарылғанын

және ойнатқыштың өшірілгенін тексеріңіз.

• Ойнатқышты ұзақ пайдаланбаған жағдайда

ауыспалы ток сымын розеткадан ажыратыңыз.

• Дискіні тазалау үшін ішінен

сыртына қарай түзу сүртіңіз.

• Ойнатқышқа сұйықтық төгіліп

кетуіне жол бермеңіз.

• Айнымалы ток ашасы розеткаға

қосулы кезде, ойнатқыш өшіп тұрса да (күту

күйінде) қуат тұтына береді.

• Өнімге еш нәрсе тамшыламау немесе

шашырамау керек және сұйықтықпен

толтырылған құмыра сияқты ыдыстар үстіне

қойылмауы тиіс.

• Штепсельдік ұш ажырату құралы ретінде

қолданылады және үнемі қол жететін жерде

болуы тиіс.

Өнімнің сыртқы күтімі

Blu-ray дискісінің блогын тазаламас бұрын,

ауыспалы ток сымын розеткадан ажыратыңыз.

• Тазалау үшін бензол, сұйылтқыш немесе басқа

еріткіштерді қолданбаңыз.

• Өнімнің сыртқы бетін жұмсақ шүберекпен

сүртіңіз.

Ойнату шектеулері

• Осы ойнатқыш бүкіл жұмыс пәрмендері

бойынша әрекет етпейді, себебі ойнату

барысында кейбір Blu-ray, DVD және ықшам

дискілері арнайы немесе шектеулі пайдалану

мүмкіндігін ғана береді және белгілі

мүмкіндіктерді ғана қамтамасыз етеді.

Бұл ойнатқыштың ақаулығы емес екенін

ескеріңіз.

• Samsung компаниясы осы ойнатқыштың Blu-

ray, DVD немесе ықшам дискісінің логотипі

бар әр дискіні ойнататынына кепілдік бере

алмайды, себебі диск пішімдері жетіліп келеді

және Blu-ray, DVD және ықшам дискісінің

бағдарламалық құралын жасау және/немесе

дискілерді өндіру барысында қиындықтар

туындау мүмкін.

Сұрақтарыңыз болса немесе Blu-ray, DVD

немесе ықшам дискілерін ойнатқышта

ойнату барысында қиындықтар пайда болса,

SAMSUNG компаниясының Тұтынушыларды

қолдау орталығына хабарласыңыз. Сонымен

қатар, ойнату шектеулері туралы қосымша

ақпаратын осы нұсқаулықтың қалған

бөлімдерінен табуға болады.

Advertising
This manual is related to the following products: