Сақтық шаралары, Бұйымды мақсаты бойынша пайдалану, Бекіту керек-жарақтары – Cooler Master Eisberg 240L Prestige User Manual

Page 4: Кулерді шешу, Нұсқаулық

Advertising
background image

Нұсқаулық

Сақтық шаралары

6 жастан төмен балаларға арналмаған (құрамында ұсақ бөлшектер

бар). Балалар бұйымды қараусыз ұстамауы тиіс!

Ескі процессор кулерін шешуден бұрын қуат кабелін компьютерден

ажыратыңыз. Барлық ДК құрамдас бөліктері дұрыс орнатылғанына

сенімді болған кезде, кабельді орнына тағыңыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: КҮЙІ ҚАЛУ ҚАУПІ БАР! Осы салқындату

жүйесінде салқындатқыш сұйықтық айналып жүргеніне көз жеткізбей

ешқандай салқындатқыш құрамдас бөліктерді іске қоспаңыз.

Сұйықтықсыз іске қосылған жүйе тым ыстық болуы және компьютер

жабдығын істен шығаруы мүмкін. Осы құралды қосқан кезде сорғы

қосылғанын және жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз.

ЕСКЕРТУ: Бұрандалы жалғауларды қатайту үшін құрал-

саймандарды (гайка кілттері, атауыз және т.б.) қолданбаңыз. Құрал-

саймандар бұрандалы пластмасса және металл бөлшектерді

зақымдауы мүмкін. Бұл жарықтарға, хладагенттің жылыстауына

немесе басқа да зақымдарға әкеп соқтыруы мүмкін;

пайдаланушының дұрыс пайдаланбауы салдарынан болған

зақымдар кепілдікке кірмейді! Тығыздағыш аралық қабаттарды

міндетті түрде қолданыңыз, сонда ғана барлық бұрандалы

жалғауларды қолмен оңай әрі толық қатайтуға болады. Егер бір

жерге құрал-сайманды қолдану қажет болса, ол нұсқаулықта

арнайы көрсетілетін болады.


Бұйымды мақсаты бойынша пайдалану

Cooler Master EISBERG сумен салқындату жүйесі және оның барлық

құрамдас бөліктері тек компьютердің жиынтықтарын салқындатуға

арналған. EISBERG жүйесінде тек Cooler Master және Alphacool

құрамдас бөліктерін пайдалануға рұқсат етіледі. Бұйымды

мақсатсыз пайдалану кепілдікке кірмейді.


Бекіту керек-жарақтары

Intel

®

LGA 775 / 1155 / 1156 / 1366

процессор ағытпаларына

арналған бұрандалы түйреуіштер

AMD AM2 / AM2+ / AM3 / AM3+ /

FM1 процессор ағытпаларына

арналған бұрандалы түйреуіштер

Intel

®

LGA 2011

процессор ағытпаларына арналған бұрандалы

түйреуіштер

Серіппелер

Тығырықтар

Intel

®

LGA 775 / 1155 / 1156 / 1366

процессор ағытпаларына

арналған бұрандалы төлкелер

Домалатпа гайкалар

Intel

®

процессор ағытпаларына арналған кронштейн

AMD процессор ағытпаларына арналған кронштейн

Термопаста


Кулерді шешу

Ескі процессор кулерін шешуден бұрын жабдықтың жұмыс істеп

тұрғанына және сумен салқындату жүйесінің бүтіндігіне (су ағудың

жоқтығын, сорғы мен желдеткіштің бар екенін) көз жеткізіңіз. Бұл

келесіде қателеспеуге немесе оның себебін оңай табуға мүмкіндік

береді. Cooler Master басқа өндірушілердің электронды құрамдас

бөліктердің және жиынтықтарының жұмыс істейтініне кепілдік

бермейді. Кулерді шешу және қайта орнату пайдаланушының жеке

басы жауапкершілігі бойынша орындалады.

Жабдықты тұрақтылыққа қарсы кілемшеге орнатыңыз. Алдыңғы кулерді

жоюдан бастаңыз. Оны дұрыс орындау үшін нұсқаулыққа қараңыз. Оның

барлық бөліктерін мұқият шешіңіз. Процессордегі термопаста іздерін

еріткішпен (мысалы, спиртпен сүртіңіз) тазалаңыз.
Кулерді орнату

Кулерге 2 қапсырмадан тұратын кронштейнді төменде көрсетілгендей

салыңыз. Жинақта кронштейннің 2 түрі бар: Intel

®

және AMD процессорлері

үшін.

Intel

®

процессорлеріне арналған кронштейндер

AMD

процессорларына

арналған кронштейндер

Радиаторды желдеткіштермен бірге ДК корпусына төменде көрсетілгендей

бұрандалаңыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Тек

түпнұсқа бұрандаларды

қолданыңыз. Аса ұзын

бұрандалар радиаторды

зақымдауы мүмкін, соның

салдарынан салқындатқыш

сұйықтық ағуы және басқа

жабдықты зақымдауы мүмкін.

Радиаторды орнатыңыз (оның өлшемі

сатып алған жинақтамаңызға байланысты).

Процессорге термопастаны төменде көрсетілгенде қалыңдығы 0,1 мм

болатындай етіп жұқалап жағыңыз. Егер термопастаны тым көп жақсаңыз, ол

басқа құрамдас бөліктерге тиіп, оларды зақымдауы мүмкін.

Intel

®

процессорлары

AMD

процессорлары

Intel

®

LGA 775 / 1155 / 1156 / 1366 процессор ағытпалары үшін бұрандалы

төлкелерді орнату керек. Оларды орнына сарт етіп түскенге дейін аналық

тақтадағы 4 бекіту тесігіне салынады. Басқа ағытпалар үшін керегі жоқ, осы

жағдайда, бірден келесі тармаққа өтіңіз.

Кулерді орнату үшін бұрандалы түйреуіштерді бұрандалы төлкелерге

немесе тақтадағы сәйкес тесіктерге бұраңыз (4 тармағына байланысты).


Кулердің негізгі блогындағы қорғаныш таспасын алып тастаңыз.

Кронштейннің тесіктерін бұрандалы түйреуіштермен сәйкестендіріп,

кулерді түйреуіштерге тағыңыз. Аздап күш салу қажет болуы мүмкін.

Тығырықтарды бұрандалы түйреуіштерге тағыңыз.

Серіппелерді бұрандалы түйреуіштерге тағыңыз.

Соңында, домалатпа гайкаларды бұрандалы түйреуіштерге тағыңыз және

оларды тығырықтарға аздап тиетіндей етіп ретімен айқастырып тығыз

бұраңыз.

САҚ БОЛЫҢЫЗ: гайкаларды тым қатты бекіту процессор

ағытпасын және аналық тақтаны зақымдауы мүмкін.

Advertising
This manual is related to the following products: