Қазақ – Vitek VT-4073 SR User Manual

Page 76

Advertising
background image

ҚАЗАҚ

76

2. ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ

2.1 ЖЕТКІЗУ ТОПТАМАСЫ

1. DVD плеер

2. Қашықтықтан басқару пульті.

3. Аудио/видеокабель.

4. Пайдалану жөніндегі нұсқаулық.

5. Батареялар.

6. Кепілді қызмет көрсету талоны.

7. Зауыттық қаптама (қорап).

2.2 ҚАШЫҚТЫҚТАН БАСҚАРУ ПУЛЬТІНЕ БАТАРЕЯЛАРДЫ САЛУ

Қорек ұяшығына ААА форматындағы екі батареяны салыңыз. Батареялардың полюстері байланыстардың полюстерімен сәйкес келуін

қадағалаңыз. Қашықтықтан басқару пультінің және ойнатқыштың арасында үлкен бөгеттер болмауы қажет.

2.3 ЖҮЙЕЛІК ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ҚОСУ

1. Ойнатқышқа қосалқы құрылғыларды қосу кезінде барлық құрылғылар «OFF» (ӨШІРУЛІ) жағдайында болуын қадағалаңыз.

2. Аудио/видеокабельді қосқан кезде әрбір сым тиісті түрдегі ұяшыққа қосылады. Барлық сымдар негізгі құрылғыға берік қосылғанын

қадағалаңыз.

a. Сары сым видео ағытпасына қосылады.

b. Ақ сым аудио ағытпасына қосылады.

c. Қызыл сым да аудио ағытпасына қосылады.

3. Қосу схемасы.

2.4. Ойнату режимін баптау.

Егер бейнені барлық экранға жаю мүмкін болмаса немесе бейне болмаса, онда N/T батырмасын басып, телесигнал форматын PAL, NTSC

немесе Multi өзгертіп көріңіз.

DVD дискісі бейненің әр түрлі пропорциясын қолдай алады. Бұдан басқа, жүйені баптау менюінің көмегімен экран форматын теледидарды көру

барысында өзгертуге болады. Осы баптау келесі түрде жүзеге асады: экранға Негізгі менюді шығару үшін «SETUP» батырмасын басыңыз, ал

содан кейін «PLAY» («ОЙНАТУ») батырмасын басыңыз; теледидар режимін таңдау үшін курсормен басқару батырмаларын пайдаланыңыз, ал

содан кейін солардың көмегімен қажетті экран форматын таңдап алыңыз. Форматты таңдап алғаннан кейін «PLAY» батырмасын басыңыз.

3. ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗГІ МӘЛІМЕТТЕР

Жүйені қосуды аяқтағаннан кейін ойнатқыш пайдалануға дайын. Құрылғыны іске қосудың алдында келесі дайындық шараларын жүргізіңіз:

1.

Теледидарды қосыңыз және «AV» режимін таңдап алыңыз. S-video форматында қосылысты пайдаланған жағдайда қайтадан S-video

форматын таңдап алыңыз.

2.

Күшейткішті қолданған жағдайда, оны қосыңыз, ал содан кейін «AC-3» немесе «DVD» режимін таңдап алыңыз.

3.

Ойнатқышты желіге қосыңыз.

1-операция: «POWER» («ҚОСУ») батырмасын басыңыз, бұл жағдайда экранға «DISK LOADING» («ДИСКІНІ САЛУ») жазуы шығады:

4073IM.indd 76

09.10.2007 12:29:17

Advertising