Қазақ – Vitek VT-4073 SR User Manual

Page 79

Advertising
background image

ҚАЗАҚ

79

4.10 «MENU»(«МЕНЮ») ФУНКЦИЯСЫ

Негізгі менюге оралу үшін және DVD дискіні ойнату үшін «MENU»

батырмасын басыңыз (Осы функция бірнеше субтитрлер

нұсқаларына бағдарламаланған дискілерде қолданылады).

4.11. КУРСОРМЕН БАСҚАРУ БАТЫРМАЛАРЫ

Дискіні ойнату кезінде Сіз курсормен басқару пернелерінің көмегімен

туынды атауларын, меню немесе баптау тармақтарын таңдай

аласыз.

Егер экранда меню терезесі болмаса және құрылғы баптау режимінде

жұмыс істемесе, “Солға” батырмасын басу арқылы басқару дисплейін

өшіруге болады, ал “Оңға” батырмасын басу оны қайта қосуға

мүмкіндік береді.

4.12 «3D» ФУНКЦИЯСЫ

Көлемді дыбыс жасау үшін «3D» батырмасын басыңыз.

4.13 САНДЫҚ БАТЫРМАЛАР

Ұнаған туындыларды ойнату үшін туынды нөміріне сәйкес менюдегі

сандық батырмаларды пайдаланыңыз.

4.14 «TIME» («УАҚЫТ») ФУНКЦИЯСЫ

Осы DVD ойнатқыш ойнатылатын дискіге байланысты әр алуан

деректерді ойната алады.

«Time» батырмасын басу арқылы бір файлдың атауын, бөлімін,

дыбысын, субтитр тілін, ойнату уақытын, туынды бөлімін, қайталау

режимін таңдауға және басқару дисплейінде уақытты орнатуға

болады.

4.15 А НҮКТЕСІНЕН В НҮКТЕСІНЕ ДЕЙІН ҚАЙТАЛАУ ФУНКЦИЯСЫ

Алдымен «А-В» батырмасын басу арқылы бастау нүктесін (А)

белгілеңіз:

Осыдан кейін «А-В» батырмасын қайта басып, соңғы нүктені (В)

белгілеңіз:

Енді туынды бөлігі А нүктесінен В нүктесі аралығында автоматты

түрде қайталанатын болады.

«А-В» батырмасын үшінші рет басқан кезде қайталау тоқтайды.

4.16 «REPEAT» («ҚАЙТАЛАУ») ФУНКЦИЯСЫ

DVD режимінде «REPEAT» («ҚАЙТАЛАУ») батырмасын басқан

жағдайда экранға келесі хабарлама шығады:

Бөлімді қайталауды қосқан кезде:

Туындыны қайталауды қосқан кезде:

Қайталауды өшірген кезде:

4.17. «ZOOM» («БЕЙНЕ МАСШТАБЫ») ФУНКЦИЯСЫ

Жылжымалы немесе қозғалыссыз бейненің жеке бөлігін қарау

мүмкіндігін жасау үшін оның шамасын төрт есе ұлғайтуға болады.

Осы батырманы алты рет басқанда бейненің масштабы сәйкесінше

2, 3 немесе 4 есе ұлғаяды немесе кішірейеді. Батырманы қайта басу

кәдімгі ойнату режиміне оралтады.

4.18. «PROGRAM» («ОЙНАТУ ТӘРТІБІ») ФУНКЦИЯСЫ

Егер диск 2 немесе одан көп туындыдан немесе бөлімнен тұрса, онда

Сіз оларды өз таңдауыңыз бойынша ойнату тәртібін белгілей аласыз.

Тиісті менюге кіру үшін «PROGRAM» батырмасын басыңыз.

Туындыларға немесе бөлімдерге нөмір беру сандық батырмаларды

басу арқылы жүзеге асады. Егер бағдарламаланатын элементтердің

саны 10 көп болса, онда бағдарламалауды жалғастыру үшін «NEXT»

(«КЕЛЕСІ») батырмасын басыңыз (бағдарламаланатын элементтердің

саны 20 аспауы қажет). «START» («ПУСК») батырмасын таңдау үшін

курсорды басқару батырмаларын пайдаланыңыз. Құрастырылған

тізімді ойнатуды бастау үшін «ENTER» батырмасын басыңыз.

Осы функция MP3 форматындағы дискілерді ойнату кезінде

атқарылмайды! «DIRECTORY-PLAY» («ПАПКА-ПУСК») режиміне кіру

үшін «PROGRAM» батырмасын басыңыз; осы жағдайда ағымдағы

папканы ойнату тәртібін таңдай аласыз. Файлдар тізімінің режиміне

кіру үшін «PROGRAM» батырмасын қайта басыңыз және дискідегі

файлдар тізімін ойнату тәртібін белгілеңіз.

4.19. «R/L» («ДЫБЫСТЫ БАЛАНСТАУ») ФУНКЦИЯСЫ

DVD және SVCD форматындағы дискілерді ойнату кезінде басқару

дисплейі «Aud 1» («1-Динамик»), «Aud 2» («2-Динамик») көрсетеді,

4073IM.indd 79

09.10.2007 12:29:19

Advertising