Жалпы, Қауіпті, Ескерту – Philips HP3621 User Manual

Page 23: Абайлаңыз, Электромагниттік өрістер (эмө), Қазақша, Кіріспе, Жалпы сипаттама (cурет 1), Маңызды

Advertising
background image

3

кіріспе

Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен

пайдалану үшін өніміңізді www.philips.com/welcome веб-бетіне тіркеңіз.

InfraCare құралымен сіз қолайлы түрде өзіңіздің бұлшық ет келелі мәселелерін шешу және ауыруды азайту мүмкіндігін үйіңізде отырып-ақ

ала аласыз. Бұл құрал күн тәрізді инфра қызыл сәуле шығарады. Арнайы жасалған фильтр қажетті емдеу әсерін беретін жарық түрін ғана

өткізеді.

Жалпы сипаттама (Cурет 1)

A

Инфра қызыл галогенді лампа

B

Фильтр

C

Қосу/өшіру түймесі

D

Табаны/негізі

E

Өзгертуге болатын бұрышы бар лампа орны

F

Ұстағыш

Маңызды

Жалпы

InfraCare құралындағы белгілер мынандай мағынаны білдіреді:

1 Бұл белгі ыстық беттер туралы ескертеді (Cурет 2).

2 Бұл белгі сізге құралды қолданар алдында міндетті түрде нұсқауды ықыласпен оқып шығыңыз дегенді білдіреді. Нұсқауды келешекте

қолдану үшін сақтап қойыңыз (Cурет 3).

3 Бұл белгі осы құралдың екі қабатпен қорғалғанын білдіреді (II классы) (Cурет 4).

Бұл құрал MDD93/42/EEC Медициналық Құрал Директивасының талаптарына сәйкес келеді.
Қауіпті

Су және тоқ өте қауіпті қиыстыру! Бұл құралды су қоршаған айналада қолданбаңыз (мысалы, ваннада, душтың немесе бассейіннің

жанында).

Құралдың ішіне су тигізбеңіз немесе оның үстіне су төкпеңіз.
Ескерту

Құралды қосар алдында, құралда көрсетілген вольтаж, жергілікті қамтамасыз етілетін волтажбен сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.

Егер тоқ сым зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек Philips немесе Philips әкімшілік берген қызмет орталығында

немесе соған тәріздес деңгейі бар маман ғана ауыстыруы тиіс.

Құрал қосылып тұрған кезде оны қадағалаусыз қалдырмаңыз.

Бұл құралмен, егер осы құралды қолдану жөнінде олардың қауіпсіздігіне жауапты адамнан нұсқау алған болмаса немесе оның

қадағалауымен қолданып жатпаған болса, физикалық сезімталдығы төмен немесе ақылы кем адамдар, немесе білімі мен тәжірибесі аз

адамдар қолдануына болмайды.

Бұл құралмен балаларға қолдануға болмайды. Балалар ем қабылдап жатқанда, олар құралмен ойнап жатпағандығын қадағалап отыру

керек.
абайлаңыз

Егер құралға қуат алуға қолданып отырған қабырғадағы розетка байланысы нашар болса, онда құрал шанышқысы қызып кетеді.

Құралды дұрыс байланысы бар қабырға розеткасына қосқандығыңызды тексеріп отырыңыз.

Құралды қатты соққыға душар етпеңіз.

Қолданып болғаннан соң немесе тоқ қуаты тоқтап қалған шақтарда, құралды міндетті түрде сөндіріңіз.

Құралды тұрақты, тегіс жерге қойыңыз. Қатты ысып кетуден қорғау үшін, оның айналасында кем дегенде 15 см бос жер қалдырыңыз.

Құралды бөлме температурасы 10°C төмен немесе 35°C жоғары болған жағдайда қолдануға болмайды.

Құралды қолданып жатқанда, құралдың артындағы булық міндетті түрде ашық болуы тиіс.

Құрал қатты ысып кетуден қорғайтын автоматты қорғаумен жабдықталған. Егер құрал қажет мөлшерде суып болмаса (мысалы,

салқындатқыштары жабылған болса ), құрал автоматты түрде өшіп қалады. Құралды токтан ажыратып, ысып кетуден сақтаңыз. Құрал

суытылғаннан кейін, оны қайта қосуға болады. Осылай істеу үшін, құралды токқа қайта қосып, қосу/өшіру түймесін басыңыз.

Құралды сақтап қояр алдында, оны 15 минуттай суытып алыңыз.

Егер сіз жаңа ғана судан шыққан болсаңыз немесе жаңа ғана душ қабылдаған болсаңыз, құралды қолданар алдында өзіңізді мұқият

түрде сүртіп, кептірініңіз.

Көзіңізді құртып алмау үшін, лампалар қосылып тұрғанда оның жарығына қарамаңыз. Көздеріңізді жұмып отырыңыз.

Құрал қосылып тұрғанда, фильтр мен оның айналасындағы бөлшектер қатты ысып кетеді. Оларға тимеңіз.

Егер фильтр зақымдалған, сынық немесе жоқ болса, құралды қолданбаңыз.

Ем қабылдап болған бойдан, ем қабылдаған денеңізді жылдам суытудан сақ болыңыз.

Ем қабылдап жатқанда ұйықтап кетпеңіз.

Ауыруды азайтатын дәрілер ыстықтың сезімталдығын кемітеді. Егер сіз ауыруды азайтатын дәрі қабылдап жүрген болсаңыз, құралды

қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.

Егер ауыр ауруға шалдыққан болсаңыз (мысалы, диабет, жүрек ауруы, ауыр асқынған аурулар, склероз, тромбоз, қан ұюының

аурулары), қолдану алдында дәрігерден кеңес алыңыз.

Әдеттегідей, ыстық душ қабылдай алмайтын болсаңыз, бұл құралды қолданбаңыз. Күмәндансаңыз, дәрігерден кеңес алыңыз.

Егер сіз инфра қызыл сәулеге тым сезімтал болсаңыз, осы құралды қолданып жатқанда абай болыңыз. Егер күмәніңіз болса, онда

дәрігермен ақылдасыңыз.

Егер сізде ісік болса, немесе күйдіріп алған жеріңіз болса, онда құралды қолданбаңыз, себебі бұл құрал ауыруыңызды асқындырып

жіберуі мүмкін. Егер күмәніңіз болса, онда дәрігермен кеңесіңіз.

Егер 6-8 рет ем қабылдағаннан кейін де жақсаруды сезбесеңіз, құралды қолдануды тоқтатып, дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

Терінің ысып кетуінен сақтану үшін, тым жақын арақашықтықтан сақтаныңыз.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)

Philips компаниясы шығарған бұл құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сай келеді. Дұрыс әрі осы

пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес қолданылса, қазіргі кезде белгілі ғылыми дәлелдерге негізделе отырып құралды

қолдану қауіпсіз деуге болады.

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

ҚазаҚша

Advertising