Құрылғыны қолдану, Infracare тиімділігі, Емді жасау – Philips HP3621 User Manual

Page 24: Қолдануға дайындау, Ем ұзақтығы, Infracare құралын қолдану, Тазалау, Сақтау

Advertising
background image

Құрылғыны қолдану

infraCare тиімділігі

InfraCare инфрақызыл сәуле шығарады, ол теріге терең еніп, ұлпаны жылытады.

Жылылық миға түсетін нейрон белгілерін басқарады және осы арқылы ауыру сезімін басады. Жылыту процесі қан айналымын

жылдамдатады және қантамырларын кеңейтеді, бұл арқылы дене талшықтарын қалыптастыру мен қоректендіруге қажетті заттардың

жүруі жылдамдатылады. Инфра қызыл сәуле, сондай-ақ, метаболикалық процестердің жүруін және денеден артық заттардың шығуын

тездетеді. Себебі ол дене талшықтарын серпіндірек жасайды, сонымен қатар, жылылық қаттылықты азайтады және буындарды

икемдірек қылады.

Осы әсерлер нәтижесінде InfraCare құралының әсері бұлшық ет және буын ауруларына көмектеседі.

Емді жасау

InfraCare дегеніміз, ол жергілікті жылыту емін беретін құрал.

Жасауға болатын емдер:

Анда санда болатын немесе созылмалы бұлшық ет ауыруларын, тартылып қалған бұлшық ет пен икемге келмейтін буындарды

емдеуге;

Бел ауыруын емдеуге (люмбаго);

Үсіп қалғанда болатын ісіктерді емдеуге;

Уқалау тәрізді басқа емге дайындық ретінде;

Сіңірді/буынды созып алғанда және ісіктерді емдеуге;

Жалпы тұмауды емдеуге;

Ревматизмге байланысты ауыруларды жеңілдету үшін.

Денсаулық тиімділіктері жөнінде қосымша ақпарат қажет болса, www.philips.com интернет бетін ашып, InfraCare сөзін ізденіс

ретінде енгізіңіз (Cурет 5).
Қолдануға дайындау

1

Тоқ сымын толығымен босатып алыңыз.



Құралды тұрақты, тегіс жерге қойып, қатты ысытып жібермеу үшін, оның айналасында кем дегенде 15 см бос жер

қалдырыңыз (Cурет 6).

Құралды неше түрлі жолмен қолдануға болады.Төменде бірнеше мысалдар келтірілген.

Ауырып тұрған ыйығыңызды, мойныңызды, немесе арқаңыздың жоғарғы жағын емдеу үшін, құралды стөлге қойып, лампа орнын артқа

қарай бұраңыз. Арқаңызды лампаға қаратып, орындыққа немесе табуреткаға отырыңыз. (Cурет 7)

Беліңіздің ауыруын емдеу үшін, құралды орындық жанына стөлге қойыңыз. Арқаңызды лампаға қаратып, орындыққа немесе

табуреткаға отырыңыз (Cурет 8).

Ауырып тұрған шынтағыңызды емдеу үшін, құралды стөлге қойып, оның жанына отырыңыз (Cурет 9).

Ауырып тұрған балтырыңызды емдеу үшін, құралды еденге қойып, лампа орнын артқа қарай бұраңыз. Орындыққа немесе

табуреткаға отырыңыз (Cурет 10).

Жалпы тұмауды емдеу үшін, құралды стөл үстіне қойып, құралдың алдына қарап орындыққа отырыңыз. Жарық сәулесі сіздің бетіңізге

түсетіндей етіп, лампа орнын артқа қарай шалқайтыңыз. (Cурет 11)

3

Жарық түсу бағытын сәйкестендіру үшін, лампа орнын артқа немесе алдыға бұраңыз (Cурет 12).

4

Құралдан керекті қашықтықта отырыңыз немесе жатыңыз.

Денеңізге 25-30 см қашықтықта InfraCare шамамен 30 см х 20 см (ені мен ұзындығы) аймағын емдейді. Одан үлкенірек қашықтықта

емдеу аймағы үлкейеді, демек инфра қызыл сәулесі де, жылуы да төмендейді. Қашықтығы кішкене болса, емдеу аймағы азайады, ал

инфра қызыл сәулесі де, жылуы да артады.

Абайсызда ысып тұрған фильтірмен қатынасқа түсіп қалмас үшін, денеңіз бен құрал арасындағы қашықтықты жеткілікті түрде алыс

ұстаңыз.

Жылуы жағымды болған қашықтықты таңдаңыз.

Ескертпе: Есіңізде болсын, құрал өзінің толық жылу беру мүмкіндігін оны қосқаннан соң бірнеше минуттан кейін ғана алады. Дегенмен, бұл

құрал алғашқы минуттарында тиімді емес екендігін білдірмейді.

Ем ұзақтығы

Ем ұзақтығы ем алғалы жатқан адамға және қолдану тәсіліне байланысты болады. Біз сіздерге тиімді нәтиже алу үшін, бірнеше күн

қатарынан күніне бір-екі қысқа ем қабылдаңыз деп, мысалы 15 минуттық емнің 2-ін қабылдаңыз, деп кеңес береміз.
Ескертпе: Тәжірибе бойынша, күніне бір ұзақ емнен көрі бірнеше қысқа ем қабылдаған тиімдірек нәтиже көрсетеді.
Егер күмәніңіз болса, онда дәрігермен кеңесіңіз.

infraCare құралын қолдану

1

Шанышқыны қабырғадағы розеткаға қосыңыз.



Құралды қосу үшін оның қосу/өшіру түймесін басыңыз.

Тазалау

Құралды тоқтан суырып, оны тазалар алдында шамамен 15 минуттай суытып алыңыз.
Қырғыш жөке, қырғыш тазалағыш құралдарды немесе жанар май немесе ацетон тәріздес агрессивті сұйықтықтарды құралды тазалау

үшін қолдануға болмайды.

1

Лампа орнын және негізін дымқыл шүберекпен сүртіңіз. Құралға су енгізуге болмайды.



Фильтірдің сыртын жұмсақ шүберекке біраз денатурат шашыратып сүртіп алуыңызға болады.

-

-

-

-

-

-

-

,

-

-

-

-

-

-

-

-

ҚазаҚша

4

Advertising