Қазақша, Кіріспе, Маңызды – Philips HR1854 User Manual

Page 37: Қауіпті, Ескерту, Абайлаңыз

Advertising
background image

37

кіріспе

Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips

компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін өніміңізді www.philips.com/

welcome веб-бетіне тіркеңіз.

Маңызды

Құралды қолданбастан бұрын осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз да, оны

келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.

Қауіпті

- Моторды суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға болмайды, немесе кран астындағы сумен

шаюға да болмайды.
Ескерту

- Құралды қосар алдында, құралда көрсетілген қуат, жергілікті қамтамасыз етілетін қуатқа

сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.

- Егер тоқ сымы, шанышқысы немесе құралдың басқа бөлшектері зақымдалған болса, құралды

қолданбаңыз.

- 
Егер ток сымы зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін оны тек Philips, Philips

компаниясы ұсынған қызмет орталығында немесе соған сәйкес білімі бар маман

алмастыруы тиіс.

- Физикалық мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі және білімі мен тәжірибесі аз адамдар

(балаларды қоса) бұл құралды олардың қауіпсіздігіне жауап беретін адамның

қадағалауымен немесе құралды қалай пайдалану жөнінде нұсқау берілген жағдайда ғана

қолдануына болады.

- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаңыз.

- Құралды қадағалаусыз қолдаңбаңыз.

- Егер сіз фильтірде зақым байқасаңыз, немесе фильтірдің басқалай зақымдалғанын көрсеңіз,

құралды әрі қарай қолданбаңыз, сонымен қатар жақын жердегі Philips қызмет орталығымен

байланысыңыз.

- Қоректендіргіш түтікке құрал жұмыс жасап тұрған кезде ешқашан саусақтарыңызды

немесе басқа заттарды салмаңыз. Бұл мақсатпен тек итергішті ғана қолданыңыз.

- Фильтірдің негізінде орналасқан кішкентай кесетін ұстараға қолыңызды тигізбеңіз. Олар

өте өткір.
абайлаңыз

- Бұл құрылғы тек үйде қолдануға арналған.

- Басқа өндірушілердің бөлшектерін немесе қосымша қондырғыларын, сондай-ақ

Philips арнайы кеңес ретінде ұсынбаған бөлшектерді қолдануға болмайды. Егер сіз сондай

бөлшектерді немесе қосымша қондырғыларды қолданған болсаңыз, онда сіздің кепілдігіңіз

өз күшін жоғалтады.

- Құралды тоққа қосар алдында барлық бөлшектері дұрыс орнатылғандығына көзіңізді

жеткізіңіз.

- Бекітетін екі детальдардың екеуі де жабылғаннан соң ғана құралмен қолданыңыз.

- Бекітетін тетіктерді тек құрал тоқтан суырылғаннан кейін және фильтір айналғанын

тоқтатқаннан кейін ғана босатуға болады.

- Қабықтарды жинайтын контейнерді құралды, жұмыс жасап тұрғанда алуға болмайды.

- Құралды қолданып болған соң өшіріп отырыңыз.

- Шу деңгейі: Lc = 80 дБ (А)

ҚазаҚша

Advertising