Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары – PowerWalker VI 650 LCD User Manual

Page 166

Advertising
background image

KZ 

МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАҢЫЗ – Осы нұсқаулықта UPS жəне батареяларды
орнату мен күту барысында сақтау қажет PowerWalker VI
450/650/850/1000/1500/2000 LCD модельдеріне арналған маңызды нұсқаулар
бар.

•

Осы өнім компьютерлерге арнайы жасақталған жəне оны тұрмыстық жүйеде
жəне басқа белгілі бір күрделі жабдықта пайдаланбаған жөн.

•

Осы жабдықты арнайы оқытудан өтпеген адам пайдалана алады.

•

Шаш кептіргіш сияқты тұрмыстық құралдарды UPS ұяшықтарына
жалғамаңыз.

•

Бұл құрал реттелетін ортада орнатуға арналған (жылуы реттелетін, сыртқы
аумағы өткізгіш ластағыштардан таза). UPS құралын тұрған немесе ағып
жатқан су немесе шамадан тыс ылғалдылық бар орындарда орнатпаңыз.

•

Электр тартылу қаупі, сыртын ашпаңыз. Ішінде пайдаланушы қызмет көрсете
алатын бөліктер жоқ. Қызмет көрсету үшін білікті мамандарға хабарласыңыз.

•

Қызметтік қорек шығысы жабдықтың жанында жəне оңай қол жетімді болуы
керек. құралын қорек кірісінен оқшаулау үшін, айырды қызметтік қорек
шығысынан суырыңыз.

•

Егер UPS құралын ұзақ уақыт бойы сақтау қажет болса, батареяның отырып
қалмауы үшін батареяларды айына 24 сағат толтырып отырған жөн
(қызметтік қорек көзіне UPS жалғап, “ON” басыңыз).

• UPS

құралын рұқсат етілген жүктеме шамасынан тыс пайдаланбаңыз.

• UPS

бір/екі көлемді батареядан тұрады. Сондықтан сөрені ашпау керек,

əйтпесе электр тартылу сияқты қауіп орын алуы мүмкін. Егер батареяның
ішкі жөндеуі немесе ауыстырылуы қажет болса, дистрибьюторға
хабарласыңыз.

•

Ішкі UPS қысқа түйісуі электр тартылу немесе өрт сияқты қауіпті жағдайларға
əкеледі, сондықтан электр тартылу сияқты қауіпті болдырмау үшін UPS
үстіне су ыдыстарын (мысалы, су стаканы) орналастырмау керек.

•

Батареяны немесе батареяларды жалынға тастамаңыз. Батарея жарылуы
мүмкін.

•

Батареяны немесе батареяларды ашпаңыз немесе зақымдамаңыз.
Шығарылатын электролит тері мен көзге зиян келтіреді. Ол улы болуы
мүмкін.

•

Қуат жапсырмасындағы Φ белгішесі фаза нышанын білдіреді.

•

Батарея электр тартылу мен қысқа түйісу қаупін төндіреді. Батареялармен
жұмыс істеген кезде мына сақтық шараларын сақтау қажет:

•

Қол сағаттарын, сақиналарды немесе қолдағы басқа метал заттарын шешіп
тастаңыз.

•

Тұтқалары оқшауланған құралдарды пайдаланыңыз.

Advertising