Орнату жəне бастапқы іске қосу – PowerWalker VI 650 LCD User Manual

Page 170

Advertising
background image

KZ 

4. Орнату жəне бастапқы іске қосу

Орнатпас бұрын құралды тексеріңіз. Ешбір зақым жоқтығын тексеріңіз.


I: Орналастыру жəне сақтау шарттары
UPS құралын айналасында жеткілікті ауа айналымын беретін, шамадан тыс
тозаңнан таза қорғалған ортаға орнатыңыз. Кедергіні болдырмау үшін, UPS құралын
басқа құралдардан кем дегенде 20 см қашықтықта орналастырыңыз. UPS құралын
температурасы 0-40° C асатын жəне ылғалдылығы 0-90 % RH асатын ортада
ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.


II: Қорек көзіне қосу жəне толтыру
Қорек кірісінің сымын қабырға шығысына жалғаңыз. Жақсы нəтижелерге қол жеткізу
үшін, бастапқы пайдалану алдында батареяны кем дегенде 4 сағат толтыруға
қойған жөн. Құрал қорек көзіне қосылған кезде батареясын толтырады.

III: Жүктемелерді қосу
Жүктемелерді UPS артқы тақтасындағы шығыс ұяшықтарына жалғаңыз. UPS
құралының қорек түймешігін қоссаңыз болғаны жəне UPS құралына қосылған
құрылғылар UPS арқылы қорғалады.


IV: Кернеу қорғауы үшін модемді немесе телефонды қосу
Бір модемді немесе телефон желісін UPS құралының артқы тақтасындағы кернеу
қорғауы бар “IN” шығысына қосыңыз. Басқа телефон желісінің кабелімен
компьютерге “OUT” шығысынан қосыңыз.

V: USB кабелін қосу

Бағдарлама бумасы арқылы бақылаусыз UPS өшірілуі мен іске қосылуы сияқты UPS
күйін қадағалау үшін UPS жəне дербес компьютерді берілген USB кабелімен қосыңыз.

орек таспасын немесе кернеу с ндіргішін UPS 

ралына тіркеме із.

Advertising