Samsung SM-P905 User Manual
Page 353

Қазақ тілі
352
Найзағай кезінде құрылғыңызды сыртта пайдаланбаңыз
Бұлай істеу ток соғуына немесе құрылғының дұрыс жұмыс істемеуіне
әкелуі мүмкін.
Өнім жасаушысы мақұлдаған батареяларды, зарядтағыштарды,
қосымша құралдарды және жабдықтарды пайдаланыңыз
• Әмбебап батареяларды немесе зарядтағыштарды қолдану
құрылғының қызмет ету уақытын кемітуі немесе құрылғының
дұрыс жұмыс істемеуіне себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ, бұл өрт
тудыруы немесе батареяның жарылуына әкелуі мүмкін.
• Тек өз құрылғыңызға арналған және Samsung мақұлдаған батарея
мен зарядтағышты ғана пайдаланыңыз. Сәйкес емес батарея мен
зарядтағыш едәуір жарақаттануға немесе құрылғыны зақымдауға
себеп болуы мүмкін.
• Samsung корпорациясы Samsung бекітпеген аксессуарларды
не керек-жарақтарды пайдаланған кезде пайдаланушының
қауіпсіздігіне жауапты емес.
Зарядтағышты немесе құрылғыны түсіріп не соғып алмаңыз
Құрылғы мен зарядтағышты абайлап пайдаланыңыз және
тастаңыз
• Батареяны немесе құрылғыны ешқашан отқа тастамаңыз.
Батареяны немесе құрылғыны қысқа толқынды пеш, кәдімгі
пештер немесе радиаторлар сияқты қыздыру құрылғыларының
үстінде не ішінде ұстамаңыз. Құрылғы шамадан ысығанда
жарылып кетуі мүмкін. Қолданылған батареяны не құрылғыны
қоқысқа тастағанда, барлық жергілікті ережелерді ұстаныңыз.
• Құрылғыны ешқашан сындырып не тесіп алмаңыз.
• Құрылғыны жоғарғы сыртқы қысымға ұшыратпаңыз, ол ішкі
қысқа тұйықталуға және шамадан тыс қызуға себеп болуы мүмкін.
Құрылғыны, батареяны және зарядтағышты зақымдаудан
қорғаңыз
• Құрылғы мен батареяны өте суық немесе ыстық
температураларға шығармаңыз.
• Шамадан тыс температура құрылғыны зақымдап, зарядтау
мүмкіндігінің және құрылғы мен батареяның жұмыс істеу
мерзімін азайтуы мүмкін.
- SM-T325 GT-S7580 SM-G310HN SM-T535 GT-S7582 SM-T530 SM-T315 EK-GN120 SM-P900 GT-S5611 SM-T110 SM-G386F SM-T320 SM-T520 SM-P600 SM-T111 GT-E1200R SM-G800H SM-T531 GT-S7390 SM-N900 SM-T525 SM-P601 SM-G7102 SM-T520X GT-S6012 SM-T320X GT-S7392 SM-G350E SM-G800F GT-S5280 GT-I8580 GT-S6010 SM-T900 SM-T110X SM-C105