Қолдану – Karcher SE 4002 User Manual

Page 210

Advertising
background image

– 9

Сурет

Бүріккіш/сорғыш түтіктерін бірге
тұтқаға іліп қойыңыз. Бірге қою
кезінде бекіткіш тетігі ортасына
келеді, сенімділік үшін сағат тілі
бойынша бұрыңыз.

Еден форсункасын шайғыш/сорғыш
түтіктеріне тағыңыз жəне бекіткіш
тетігі арқылы бекемдеңіз.

Құрылғы енді ылғалды жерді
тазалауға дайын.

Сақтық нұсқауы
Ылғалды сору немесе ылғалды/
құрғақ сору кезінде, əрқашан
кірістірілген көбік сүзгісімен жұмыс
істеңіз!

Сақтық нұсқауы
Құрылғыны іске қоспас бұрын,
тазаланатын бұйымның елеусіз жеріне
бояу мен су тұрақтылығын тексеріп
көріңіз.
Суға сезімтал төсемелерге
қолданбаңыз: мысалы, паркетті еден
(ылғал еденге сіңіп, оны зақымдауы
мүмкін).
Нұсқау
Жылы су (максималды 50 °C) тазарту
нəтижесін арттырады.

Еден жуу форсункасын
пайдаланыңыз.

Қатты қабат ендірмесінсіз жұмыс
істеңіз.

Тазалау үшін тек қана KÄRCHER
ұсынған RM 519 кілем тазалау құралын
пайдаланғаныңыз жөн.

Еден жуу форсункасын
пайдаланыңыз.

Қатты қабат ендірмесін сыртқы
бүріккіш еденнен сору шүмегінің
бүйіріне қарай жылжытыңыз.
Қылшақтар артқа қарай бағытталуы
керек.

Қолмен жуу форсункасын
пайдаланыңыз.

Нұсқау: Таза су багын толтыру үшін
алып тастауға немесе тікелей
құрылғыда толтыруға болады.
Сурет

Бак қақпақшасын жоғары қарай
ашыңыз.

RM 519 құрылғысынан 100 - 200 мл
(көлемі ластану деңгейіне қарай
өзгереді) таза су багына құйыңыз,
құбыр суымен толтырыңыз, шамадан
тыс толтырмаңыз.

Бак қақпақшасын жабыңыз.

Сурет

Электр ашасын электр розеткасына
салыңыз.

Сорғыш қосқышын басыңыз (І күйі),
сору турбинасы іске қосылады.

Сурет

Тұтқадағы қосымша ауа жапқышты
толықтай жабыңыз.

Сурет

Бүріккіш қосқышын басыңыз (І күйі),
жуу құралының сорғышы дайын
болады.

Сурет

Тазартуға арналған ерітінді жағу
үшін, бүріккіш тетігіндегі тұтқаны
басыңыз.

Сурет

Ұзақ бүрку үшін бүрку тетігі
белгіленген болуы мүмкін, бұл
мақсатта шаю тетігін қосып жəне
бекіткіш түймешігін төмен қарай
тарту қажет.

Қолдану

Ылғалды жерді тазалау

Кілем төселген едендер/қатты

қабаттар/қаптауыш

Кілем төселген еденді ылғалды
тазалау

Қатты қабаттың ылғалды тазалануы

Қаптауыштардың ылғалды
тазалануы

Таза су багын толтыру

Жұмысты бастау

210

KK

Advertising