Karcher SC 2-550 C EU User Manual

Page 259

Advertising
background image

– 11

АБАЙЛАҢЫЗ
Жапсырылған жиектерге буды
бағыттамаңыз, себебі жабыстырғыш
түсіп қалуы мүмкін. Бұйымды лак
жағылмаған ағаш немесе паркет
едендерді тазалау үшін
пайдаланбаңыз.

Суық ауа райы кезінде, əсіресе қыста,
терезе əйнектерін, əйнек бетін бумен
ақырындап өңдеп, жылытыңыз.
Осылайша, əйнекте жарықшақтардың
пайда болуына əкелуі мүмкін əйнек
бетінің деформациялану кернеуі түседі.
Содан кейін терезе бетін қол
бүріккішімен жəне қаптамамен
тазалаңыз. Судан босату үшін ракельді
қолданыңыз немесе беттерін құрғақ етіп
сүртіңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Терезе жақтауының лакпен қапталған
жерлеріне нұқсан келтіріп алмас үшін,
буды оған қарай бағыттамаңыз.

Сіз бу пистолетін саптамаларсыз да
пайдалана аласыз, мысалы:

ілулі тұрған киімдегі иістер мен
бүрмелерді кетіру үшін оларды 10-20
см қашықтықтан бумен өңдеңіз.

өсімдіктерден шаңды кетіру үшін.
Сол үшін 20-40 см қашықтығын
сақтаңыз.

шаңды ылғалды кетіру үшін, осы
мақсатта шүберекті аздап бумен
өңдеп, онымен жиһазды сүртіңіз.

Тазалау сапасы нүктелі ағын шүмегінің
кірленген жерге жақындығына тəуелді
жоғарылайды, себебі температура мен
қысым шүмегінің шыға берісінде ең
жоғары болып табылады. Қол жетуге
қиын жерлерді, фугаларды,
арматураларды, суағарларды,
шұңғылшаларды, дəретханаларды,
жалюзилерді жəне жылыту
батареяларын тазалауға əсіресе тиімді
болып табылады. Əктің қатып қалған

жерлерін бумен тазалаудың алдында
сірке суымен немесе лимон
қышқылымен сулап, сірке суы 5 минут
ішінде əсер ету үшін тосып, содан кейін
бумен тазалап, кетіруге болады.

Цилиндрлік қылшақты қосымша ретінде
нүктелі ағын шүмегіне орнатуға болады.
Қылшақпен тазалаудың арқасында,
тұрып қалған кірлерді оңайырақ кетіруге
болады.
АБАЙЛАҢЫЗ
Тез ақауланатын беттерді тазалауға
келмейді.

Сурет
Цилиндрлік қылшақты шүмегіне
орнатыңыз.

Бу турбоқылшағы ағатын бу арқылы
тербеліске келтіріледі жəне тіпті ас үй
мен ваннадағы қол жеткізу қиын
жерлерде шамадан тыс ластануды
жеңіл түрде тазалау үшін мінсіз болып
табылады.

Назар аударыңыз

Бу турбоқылшағының ұзақ қызмет ету
мерзімі дірілден пайда болған қолдағы
қан айналымының бұзылыстарына
əкелуі мүмкін (саусақтардың қышуы,
суық саусақтар). Егер мұндай жағдай
орын алса, жұмыста үзіліс жасаңыз.
Көпшілік мақұлдаған қолдану мерзімін
айқындауға болмайды, себебі бұл
бірнеше əсер факторына байланысты
болады:

Нашар қан айналымына жеке
бейімділік (жиі суық саусақтар,
саусақтардың қышуы).

Қатты ұстау қан айналымына кедергі
келтіреді.

Үздіксіз қолдану жұмыс барысындағы
үзілістерден нашар болып
табылады.

Бу турбоқылшағын жүйелі, ұзақ уақытта
пайдаланған жəне сəйкес белгілердің
(мысалы, саусақтардың қышуы, суық
саусақтар) қайта пайда болған жағдайда
дəрігерге қаралу ұсынылады.

Əйнектерді тазалау

Бу пистолеті

Нүктелі ағын шүмегі

Цилиндрлік қылшақ

Бу турбоқылшағы

259

KK

Advertising
This manual is related to the following products: