Сақтық шаралары, Абайлаңыз, Ескерту – Panasonic TYWK5P1RW User Manual

Page 64: Қолдану ережелері

Advertising
background image

64

Ка

зах

ский

Сақтық шаралары

АБАЙЛАҢЫЗ

Орнатылатын жер ұзақ уақыт пайдалануға шыдау үшін жеткілікті түрде орнықты болуына көз

жеткізіңіз.

• Егер ұзақ уақыт пайдалану кезінде оның беріктігі азайса, плазмалық теледидар түсіп кетіп, жарақаттануға

себеп болуы мүмкін.

Орнату жəне қосылатын жабдықты ұзарту жұмысын білікті орнатушы маманнан басқа кісілер

жүргізбеуі тиіс.

• Дұрыс орнатылмаған жағдайда, жабдық құлап, жарақаттануға себеп болуы мүмкін.
Ұсынылған орнатылатын жердің беріктігін қарастырған кезде, қауіпсіздік коэффициентін де есепке

алыңыз.

• Егер беріктігі жеткілікті болмаса, жабдық құлап, жарақаттануға себеп болуы мүмкін.
Жүк көтере алмайтын жерге орнатпаңыз.

• Егер орнатылатын жердің беріктігі жеткілікті болмаса, жабдық құлап кетуі мүмкін.
Қабырғаға орнату кронштейнін бөлшектеуші немесе өзгертуші болмаңыз.

• Əйтпесе, құрылғы түсіп кетіп, зақымдалуы жəне дене жарақатына себеп болуы мүмкін.

ЕСКЕРТУ

Каталогта көрсетілгеннен басқа теледидарлар мен дисплейлерді пайдаланбаңыз.

• Əйтпесе, құрылғы түсіп кетіп, зақымдалуы жəне дене жарақатына себеп болуы мүмкін.
Ылғал, шаң, түтін, бу немесе қызу əсеріне ұшырайтын жерлерге орнатпаңыз.

• Бұл плазмалық теледидарға кері əсерін тигізіп, өрт шығуына немесе ток соғуына əкеп соқтыруы мүмкін.
Плазмалық теледидарды орнату немесе орнынан алу жұмысын кемінде екі адам орындауы тиіс.

• Плазмалық теледидар құлап кетіп, жарақаттануға себеп болуы мүмкін.
Жоғары қаратып, қырынан немесе төңкеріп орнатпаңыз.

• Бұл плазмалық теледидардың ішіне қызу жинақталып, өрт шығуына себеп болуы мүмкін.
Жел кіретін тесіктерді жауып тастамаңыз. Қабырғаға ілетін кронштейнді пайдаланған кезде плазмалық

теледидардың артқы жағы мен қабырға арасынан бос орын қалдырыңыз.

• Олай етпеген жағдайда ішінде қызу пайда болып, өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.
Плазмалық теледидардың жоғарғы, төменгі, сол жəне оң жақтарынан кемінде 10 см бос орын

қалдырыңыз. Сондай-ақ, артынан да біраз бос орын қалдырыңыз.

• Қалдырмаған жағдайда өрт шығуы мүмкін.
Плазмалық теледидарды тек осы нұсқауларда көрсетілген қадамдармен орнатыңыз. Басқа жолмен

орнатушы болмаңыз.

• Əйтпесе, құрылғы түсіп кетіп, зақымдалуы жəне дене жарақатына себеп болуы мүмкін.
Бекіткіш бұрандалар мен қуат сымын қабырғаның ішкі бөліктеріне тимейтіндей етіп орнатыңыз.

• Қабырғаның ішіндегі қандай да бір металл заттарға тисе, электр тогының соғуына себеп болуы мүмкін.
Орнату үшін тек арнаулы құраушы бөлшектерді пайдаланыңыз.

• Əйтпесе, плазмалық теледидар қабырғадан құлап кетіп, жарақаттануға себеп болуы мүмкін.
Пайдаланудан шыққан бұйымды алып тастаңыз.

• Əйтпесе, бұйым құлап кетіп, дене жарақатына себеп болуы мүмкін.

Қолдану ережелері

1) Теледидардың орнын таңдаған кезде абай болыңыз, себебі күн сəулесі тікелей түсетін жерге немесе

жылытқышқа жақын қойылса, оның түсі оңып кетуі немесе пішіні бұзылуы мүмкін.

2) Қабырғаға бекітетін кронштейнді жұмсақ, құрғақ шүберекпен (мысалы, мақта немесе фланель) сүртіп

тазалаңыз. Егер кронштейн қатты кірлесе, кірді суға араластырылған бейтарап жуу құралымен кетіріп,

құрғақ шүберекпен тазалап сүртіңіз. Бензол, сұйылтқыш немесе жиһаз балауызын пайдаланбаңыз,

себебі ол жабынның аршылып түсіп қалуына себеп болуы мүмкін.

(Дисплей құрылғысын тазалау туралы ақпаратты дисплей құрылғысының пайдаланушы

нұсқаулығынан қараңыз. Егер химиялық жолмен өңделген мата пайдалансаңыз, матамен бірге

берілген нұсқауларды орындаңыз.)

3) Бұйымға жабысқақ таспа немесе стикерлер жабыстырмаңыз. Бұл қабырға кронштейнінің бетін кірлетуі

мүмкін. Резеңке, винил немесе соған ұқсас заттардың ұзақ уақыт тиіп тұруына жол бермеңіз. (Бұл

нашарлауға себеп болуы мүмкін.)

4) Орнатқан кезде абай болыңыз, себебі тиген соққылар плазмалық теледидар панелінің жарылуына

себеп болуы мүмкін.

Ескерту:

Бұл кронштейн тек Panasonic плазмалық теледидар үлгілерімен пайдалануға арналған (88-91-бетті қараңыз).

Басқа құралдармен пайдалану, тұрақсыздыққа əкеліп, жарақатқа себеп болуы мүмкін.

КƏСІБИ МАМАНДАР ОРНАТУЫ ҚАЖЕТ.

PANASONIC, ДҰРЫС ОРНАТПАУ НЕМЕСЕ ДҰРЫС ПАЙДАЛАНУ САЛДАРЫНАН БОЛҒАН КЕЗ КЕЛГЕН

МҮЛІККЕ КЕЛГЕН ЗИЯН ЖƏНЕ/НЕМЕСЕ АУЫР ЖАРАҚАТТАР, СОНЫҢ ІШІНДЕ ӨЛІМ ҮШІН ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.

Advertising