Құрамдастар, Орнату үшін пайдаланылатын бөлшектер – Panasonic TYWK42PR20 User Manual

Page 57

Advertising
background image

57

Ка

зах

ский

Қабырғаға бекітетін кронштейнді құрастыруға қажет бөлшектер

Негіздің жоғарғы жəне

төменгі бекіткіші (2)

Кронштейн негізінің сол

жақ бекіткіші (1)

Кронштейн негізінің оң

жақ бекіткіші (1)

Керек-жарақты

құрастыруға
арналған бұранда (4)
M5×10

Орнату үшін пайдаланылатын бөлшектер

Толық құрастырылған бекіткіш

құрылғының көрінісі

Алты қырлы ойық басты

бұранда (4) M8×32

Бекітетін құрылғының бұрандасы (2)

M5×50

Тісті дөңес шайба (4)

Алты қырлы кілт (жеткізу

жинағына кіреді) (1)

Оқшаулағыш төсем (4)

[Осы нұсқаулықтағы суреттер тек мысал ретінде көрсетілген.]

Құрамдастар

Қабырғаға бекітетін кронштейнді құрастыру кезіндегі сақтық шаралары

♦ Қабырғаға ілетін кронштейн плазмалық дисплейді тік қабырғаға бекітіп көру үшін пайдаланылады.

Тік қабырғадан басқа бетке орнатушы болмаңыз.

♦ Плазмалық дисплейдің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету жəне қандайда бір ақаудың алдын алу үшін

мына жерлерге орнатпаңыз.

• Су шашқыштардың немесе өрт/түтін детекторларының жаны

• Діріл немесе соққы тию қаупі төнетін жерлер

• Жоғары кернеулі сымдардың немесе динамикалық қуат көздерінің жаны

• Магнит өрістері, жылу, су буы немесе күйе шығатын жерлердің жаны

• Жылыту жабдығынан үрленген ауа тиетін жерлер

• Ауа кондиционерінен немесе басқа құрылғыдан шығатын конденсат тамшылары түзілетін жерлер
♦ Орнатылатын жердің құрылымы мен материалына сəйкес келетін əдістермен орнатыңыз.
♦ Кронштейн орнатылатын қабырғаның материалына (ағаш, болат каркас, бетон, т.б.) сəйкес келетін, кез

келген жерде сатылатын номиналды диаметрі 6 мм бұрандаларды пайдаланыңыз.

♦ Сыртқы температураның 40 °C-тан аспауы үшін оның жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз.

Əйтпесе, плазмалық дисплейдің ішінде қызу пайда болып, оның бұзылуына себеп болуы мүмкін.
♦ Құрастыру жəне орнату кезінде плазмалық дисплей мен еденде белгі қалмауы немесе олардың

сызылмауы үшін еденге жұмсақ көрпе немесе мата төсеп қойыңыз.

♦ Бөлшектерді бұрандамен бекіткен кезде, бұрандалардың бос немесе тым қатты тартылмауын қадағалаңыз.
♦ Плазмалық дисплейдің қуат ашасы үшін қол оңай жететін электр розеткасын пайдаланыңыз.
♦ Орнату кезінде аса сақтықпен қарап, қауіпсіздікті қамтамасыз етіңіз.
♦ Плазмалық дисплейді төбе шамдарының (жарықтандырғыш прожекторлардың, галоген шамдардың, т.б.)

астына орнатпаңыз.

Əйтпесе, қатты қызудан корпус майысуы немесе зақымдалуы мүмкін.

Advertising