Philips LivingWhites Spiralförmige Energiesparlampe User Manual

Page 73

Advertising
background image

73

2. Қалау бойынша бөлмеге күңгірттенетін

түссіз жарық беру

Төмендегі әрекеттерді орындап, ыңғайлы орта

жасаңыз:

1. Күңгірттеу дөңгелегін пайдалану. Жарық

деңгейін реттеу үшін, дөңгелекті саусақпен

айналдыруға болады ( II-сурет).

2. Алдын ала орнатылған параметрлер.

Алдын ала орнатылған параметрлердің

біреуін таңдау үшін, дөңгелектің төменгі

жағындағы үш түйменің біреуін (II-сурет)

басыңыз. Бірінші түйме жарықты 30%

шығарады, екіншісі 70%, ал үшіншісі

жарықты 100% шығарады.

3. Жеке параметр. «Жарық реңктерін жасау»

тармағында түсіндірілгендей лампаны

(IV-сурет) таңдап, жеке параметр жасауға

болады.

4. Лампаларды өшіріңіз («0» түймесін

басыңыз). Барлық байланыстырылған

LivingWhites лампаларының жарығы баяу

күңгірттеніп, 12 секундтан кейін сөнеді.

Бұл бөлмеден шығуға уақыт береді. «0»

түймесі қайтадан басылса, лампалар

дереу өшеді. «I» түймесін басып, барлық

лампаларды қайтадан қосуға болады.

3. Қалау бойынша лампаларды таңдап,

реттеу (лампасы бар шыраққа бағытталған

қашықтан басқару құралының суреті)

Бір уақытта барлық лампаларды немесе әр

лампаны жеке басқаруға болады.

Басқару үшін, лампаны таңдау керек.

Лампаны қашықтан басқару құралындағы

◄ немесе ► түймелерін түрту арқылы

таңдауға болады. Таңдалған кезде, лампа

жыпылықтайды, ал лампа көрсеткіші жанады.

Бұл, енді барлық лампалардың орнына, тек

осы лампаны реттеуге болатынын білдіреді.

Мысалы, жоғарыда сипатталғандай, оны

күңгірттеуге, қосуға немесе сөндіруге болады.

4. Жарық реңктерін жасау

Оңай шығару мақсатында жеке параметрлердің

біреуін сақтау керек болса, қашықтан басқару

құралы дыбыс шығарғанша, Реңк түймелерінің

(IV сурет) біреуін басып тұрыңыз. Бұл реңк енді

басылған нөмір бойынша сақталады.

Лампалардың қалау бойынша реттеуін

жалғастыруға болады.

Сақталған реңкті қосу керек болғанда,

сақтағанда басылған түймені басыңыз

(мысалы, «:»). «:» көрсеткіші реңктің

таңдалғанын білдіріп қысқа уақытқа жанады,

ал лампалар сақталған параметрлерге өтеді

(II-сурет).

Ең көбі 3 реңк (әр Реңк түймесі үшін біреуден)

сақтауға болады.

5. Philips LivingWhites қашықтан басқару

құралына қосымша лампаларды қосу

Әсерлі жарық реңктерін жасау үшін, Philips

Lighting басқа өнімдерін Philips LivingWhites

қашықтан басқару құралына қосуға болады.

Төменде оның бірнеше мүмкіндіктері

көрсетілген:

1. Бірнеше Philips LivingWhites қуатты

үнемдеу лампаларын бір қашықтан

басқару құралына қосуға болады.

Қашықтан басқару құралын лампаға

жақындатыңыз, одан кейін «I» түймесін

басып, ұстап тұрыңыз. Лампа 3

рет жыпылықтайды. Лампа екі рет

жыпылықтап, қашықтан басқару құралы

дыбыс шығарғанша, «I» түймесін ұзағырақ

басып тұрыңыз. Енді «I» түймесін жіберуге

болады. Байланыстырылған лампаны енді

қашықтан басқару құралымен басқаруға

болады. Бір Philips қашықтан басқару

құралына 50 лампа қосуға болады.

2. Сондай-ақ, басқа Philips LivingAmbiance

өнімдерін (LivingColors, шамдар,

штепсельдік ұштар) Philips LivingWhites

қашықтан басқару құралына қосуға

болады. Philips LivingAmbiance лампасын

Philips LivingWhites қашықтан басқару

құралына қосу үшін, қашықтан басқару

құралын лампаға жақындатып, «I»

түймесін жоғарыда сипатталғандай басып

тұрыңыз.

Advertising