Қазақша – Philips HP6540-00 User Manual

Page 49

Advertising
background image

49

Абайлаңыз

-

Жоғары дәлдікті эпиляторды және Smart Tweezers қысқыштарын құрғақ

ұстаңыз.

-

Эпиляторды тек берілген адаптермен зарядтаңыз.

-

Егер зақымдалған болса, эпиляторды, жоғары дәлдікті эпиляторды, Smart

Tweezers қысқыштарын және адаптерді пайдаланбаңыз.

-

Адаптер зақымданған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек

түпнұсқасымен ауыстыру керек.

-

Эпиляторды қосар алдында, адаптерде көрсетілген кернеудің жергілікті

желі кернеуіне сәйкес келетінін тексеріп алыңыз.

-

Басқа штепсельдік ұшпен ауыстыру үшін адаптерді кеспеңіз, бұл қауіпті

жағдай тудыруы мүмкін.

-

Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны

пайдалану нұсқауларынсыз, физикалық мүмкіндігі, сезімталдығы төмен және

ойлау қабілеті шектеулі, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдар

(соның ішінде балалар) эпиляторды, жоғары дәлдікті эпиляторды және

Smart Tweezers қысқыштарын қолданбауы керек.

-

Балалардың эпилятормен, жоғары дәлдікті эпилятормен және Smart

Tweezers қысқыштарымен ойнамауын қадағалаңыз.

-

Smart Tweezers қысқыштары ішіндегі түйме тәріздес батареяларды балалар

және үй жануарлары ұстамайтын жерде сақтаңыз. Түйме тәрізді

батареялар тұншығып қалу қаупін тудырады.
Ескерту

-

Эпилятор тек әйелдер аяғындағы түктерді жұлуға арналған. Жоғары

дәлдікті эпилятор әйелдердің бикини тұсы мен қолтық астына және тізе

мен тобық сияқты қол оңай жетпейтін жерлерге эпиляция жасауға

арналған. Құрылғыларды басқа мақсаттарға қолданбаңыз.

-

Гигиенаны сақтау мақсатында, эпиляторды, жоғары дәлдікті эпиляторды

және Smart Tweezers қысқыштарын тек бір адам пайдалануы керек.

-

Зақымдану мен жарақаттануды болдырмау үшін, қосулы

құралдарды шаштан, қастардан, кірпіктерден, киімнен, жіптерден,

сымдардан, щеткалардан және т.б. аулақ ұстаңыз.

-

Алдын ала дәрігерден сұрамастан құралдар мен қысқышты тітіркенген, қан

тамырлары ісінген, бөртпелері, дақтары, меңдері (түгі бар) немесе

жарақаттары бар теріге пайдаланбаңыз.

-

Иммунитеті төмен, қант диабетімен, гемофилия немесе иммунитет

жетіспеушілігі синдромымен ауыратын адамдар да алдымен дәрігермен

кеңескені жөн.

ҚАЗАҚША

49

Advertising