Philips Sonicare HealthyWhite Rechargeable sonic toothbrush HX6731-34 3 Modes 2 brush heads Whitening pen User Manual

Page 110

Advertising
background image

қанауы тоқтамаса, тіс дәрігерінен кеңес алыңыз.

Сондай-ақ, Sonicare щеткасын пайдаланғанда

қолайсыздықты немесе ауырсынуды сезінсеңіз, тіс

дәрігерінен кеңес алыңыз.

- Sonicare тіс щеткасы электромагниттік

құрылғыларға арналған қауіпсіздік

стандарттарына сәйкес келеді. Егер сізде

кардиостимулятор немесе басқа импланттық

құрылғылар болса, пайдаланар алдында

дәрігеріңізге немесе имплант құрылғысын

өндірушіге хабарласыңыз.

- Егер сізде медициналық проблемалар болса,

Sonicare құрылғысын пайдаланар алдында

дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

- Бұл құрылғы тек тістер, қызыл иектер мен

тілді тазалауға арналған. Қандай да бір басқа

мақсатта қолдануға болмайды. Қолайсыздық

немесе ауырсыну сезінсеңіз, құрылғыны

қолдануды тоқтатып, дәрігерге хабарласыңыз.

- Sonicare тіс щеткасы — жеке күтім құрылғысы

және стоматологиялық жұмыста немесе

мекемеде көптеген емделушілерге қолдануға

арналмаған.

- Қылшықтары жаншылған немесе майысқан

щетка басын қолданбаңыз. Щетка басын 3

ай сайын немесе тозу белгілері байқалса, одан

да ертерек ауыстырыңыз.

- Өндірушінің ұсынған щетка басынан басқа

щетка бастарын қолдануға болмайды.

- Егер тіс пастаңызда пероксид, ас немесе

екі көмір қышқылды содасы (ағартатын тіс

пасталарында көбіне кездеседі) болса, щетка

басын әрбір пайдаланған соң сабындап, сумен

мұқият тазалаңыз. Бұл пластиктің шытынауынан

қорғайды.

ҚАЗАҚША

110

Advertising