Philips Norelco SHAVER Series 9000 wet and dry electric shaver S9721-84 V-Track Precision Blades Contour Detect Technology SmartClean System PRO Digital User Interface with SmartClean System PRO and Aquatec Wet & Dry User Manual

Page 155

Advertising
background image

Қоршаған орта

- Қолдану мерзімі аяқталғанда, ұстара мен SmartClean жүйесін

әдеттегі тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз. Оны қайта

өңдеуге жіберу үшін арнайы жинау орнына тапсырыңыз.

Осылайша, қоршаған ортаны қорғауға көмегіңіз тиеді.

- Ішіне орнатылған қайта зарядталатын ұстара батареясының құрамында

қоршаған ортаға зиянды заттар бар. Құралды тастамас және

арнайы жинап алатын орынға бермес бұрын, батареяны шығарыңыз.

Батареяны арнайы батареялар жинайтын орынға өткізіңіз. Батареяны

шығара алмаған жағдайда, құралды Philips қызмет көрсету орталығына

апаруға болады. Орталық қызметкерлері батареяны шығарып, қоршаған

ортаға қауіпсіз жолмен жояды.

Қайта зарядталатын ұстара батареяларын шығару

Қайта зарядталатын батареяны тек ұстараны тастайтын кезде алыңыз.

Алмас бұрын батарея зарядының толық таусылғанын тексеріңіз.
Абай болыңыз, батарея қырлары өте өткір болады.

1

Құрылғының төменгі жағындағы алдыңғы және артқы тақта

арасындағы тесікке бұрауышты салыңыз. Артқы тақтаны алыңыз.

2

Алдыңғы тақтаны алыңыз.

3

Ішкі тақтаның жоғарғы жағындағы екі бұранданы бұрап, ішкі тақтаны алыңыз.

4

Қайта зарядталатын батареяны бұрауышпен алыңыз.

Кепілдік және қолдау

Егер сізге ақпарат немесе қолдау қажет болса, www.philips.com/support

сайтына кіріңіз немесе бөлек дүниежүзілік кепілдік парақшасын оқыңыз.
Кепілдік шектеулері
Қыратын құрал бастары (кескіштер мен қорғауыштар) тез

ескіретіндіктен, халықаралық кепілдік шарттарымен қамтылмайды.

155

ҚАЗАҚША

Advertising